Кәсіптік тәжірибе

Колледж мамандықтары бойынша кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына және Техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Мамандарды даярлау бес мамандық, жеті біліктілік бойынша жүргізіледі:

  1. 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», біліктілігі 1201123 «Техник-механик», «Электромеханик», 1201133 «Мехатроник»;

  2. 1402000 «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)», біліктілігі 1402203 «Техник-механик»;

  3. 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)», біліктілігі 1202033 «Техник»;

  4. 1204000 «Су көлігін пайдалану (бейін бойынша)»

а) біліктілігі 1204113 «Техник»

б) біліктілігі 1204103 «Техник-кеме жүргізуші»

1103000 «Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету», біліктілігі 1103163 «Кеме жүйелерінің механигі».

Кәсіптік практика өндірістік практика бағдарламаларының негізінде өткізіледі. Практиканы өткізу мерзімдерін оқу үрдісінің кестесіне сәйкес колледж белгілейді.

Кәсіптік практика білім алушының мамандығының сәйкес бейіні бар ұйымдарда өткізіледі. Практика жұмыс берушілердің ұйымдарымен келісім жасау негізінде және колледж мамандықтарының бейіні бойынша ұйымдардың жеке сұраныстары арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіптік практика жетекшілері колледждің барлық мамандықтары бойынша практиканың үлгілік бағдарламалары негізінде практиканың жұмыс бағдарламаларын әзірлейді, ол жұмыс берушімен міндетті түрде келісіледі. Жұмыс бағдарламалары негізінде практикалардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрастырылады, олар өз кезегінде директордың оқу ісі бойынша орынбасарымен немесе директордың оқу-өндірістік жұмыстар бойынша орынбасарымен бекітіледі.

Кәсіптік практиканың қорытындысы бойынша кәсіпорында білім алушы белгіленген формадағы күнделік-есептерін көрсетеді. Білім алушыға сәйкес біліктілік берілгені туралы жұмыс берушінің ұсыныстары бар пікір-мінездемесі күнделік-есепке міндетті қосымша болып табылады.

Кәсіптік практиканың өткізілу сапасы мен тиімділігі колледж мамандықтары бойынша кадрларды дайындау мақсаттары мен міндеттеріне бүтіндей сәйкес келеді.

Кәсіптік практиканы өткізу кестесі мен күнделік-есептерді орындау бойынша әзірленген сауалнамалар оқу үрдісінің өндіріспен біріктірілуіне ықпал жасайды. Практикадан өтуді бақылауды  директордың оқу-өндірістік жұмыстар бойынша орынбасары мен директордың бұйрығымен тағайындалған колледждің практика жетекшісі жүзеге асырады. Сонымен қатар колледж әкімшілігі өндірісте кәсіптік оқытуды бақылаудың жеке кестесі бойынша кәсіптік практикадан өтуге бақылау жүргізеді, ол да оқу жылының басында колледж директорымен бекітіледі.

Төмендегі кәсіпорындар мен ұйымдар кәсіптік практиканың негізгі базалары болып табылады:

1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», біліктілігі 1201123 «Техник-механик», мамандығы бойынша

  1. «Таксопарк» ЖШС

  2. «Азия- Сombi» ЖШС

  3. «Семей АҚ-ЖОЛ» ЖШС

  4. «Daewoo Bus Kazakstan» ЖШС

  5. «Машинажасау зауыты» ЖШС

  6. «Семавтопарк» ЖШС

  7. «Семей көлік компаниясы» ЖШС

  8. «СемАЗ» ЖШС

  9. «Мотор» ТҚҚС

  10. «Тойота Цетр» ТҚҚС

  11. «Саид» ТҚҚС

  12. «Семей» ТҚҚС

  13. «Avto Hause» ТҚҚС

  14. «Компас» ТҚҚС

  15. «Мерседес Бенц» ТҚҚС

  16. «Мақсат» ТҚҚС

  17. «Эйкос» ӨК

  18. «Авто Дан» ЖШС

  19. «Сем-Лада» ТҚҚС

  20. «Семтрэкс» ЖШС

1402000 «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)», біліктілігі 1402203 «Техник-механик», мамандығы бойынша

  1. Путьрем – 9 «Қазақтрансқұрылыс» ЖШС

  2. «Семстройпуть» ЖШС

  3.  «Семей жолдары» ЖШС

  4. «Казахавтодор ДЭУ-25» РМК

  5. «Гордорстрой» ЖШС

  6. «Дитас» ЖШС

  7. «Жарма Тас Жолы» ЖШС

  8. «Силикат» ЖШС

  9. «МеrаСемТранс» ЖШС

1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)», біліктілігі 1202033 «Техник», мамандығы бойынша

  1. «ВК РЭК» АҚ

  2. «Семей Водоканал» ҚМК

  3. «Таксопарк» ЖШС

  4. «Азия- Сombi» ЖШС

  5. «ЦУПП» ҚМК Семей қ.

  6. «Семей жолдары» ЖШС

  7. «Семей АҚ-ЖОЛ» ЖШС

  8. «Силикат» ЖШС

1204000 «Су көлігін пайдалану (бейін бойынша)» мамандығы үшін

а) біліктілігі 1204113 «Техник»

б) біліктілігі 1204103 «Техник-кеме жүргізуші»

  1. Республикалық мемлекеттік қазыналық Семей су жолдары кәсіпорыны

  2. Республикалық мемлекеттік қазыналық Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорыны

  3. Республикалық мемлекеттік қазыналық Павлодар су жолдары кәсіпорыны

  4. «Семей кеме жөндеу – кеме құрастыру зауыты» ЖШС.

  5. «ВИРП» ЖШС

  6. «Есіл-Астана» МКҚК

  7. «Иртыштранс» ЖШС

  8. «Транзит» БАҚ Омск қ.

  9. «Южная судоходная компания» БАҚ Омск қ.

1103000 «Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету», біліктілігі 1103163 «Кеме жүйелерінің механигі», мамандығы үшін

  1. Республикалық мемлекеттік қазыналық Семей су жолдары кәсіпорыны.

  2. «Семей кеме жөндеу – кеме құрастыру зауыты» ЖШС.

  3. «ВИРП» ЖШС

  4. «Есіл-Астана» МКҚК

  5. «Иртыштранс» ЖШС

  6. «Транзит» БАҚ Омск қ.

  7. «Южная судоходная компания» БАҚ Омск қ.