ШҚО әкімдігінің Білім басқармасы «Көлік колледжі» КМҚК директоры

Айбек Серикболұлы Нұғымаров

     Нұғымаров Айбек Серикболұлы 1987 жылы 3 шілдеде Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген.

     Нұғымаров Айбек Серикболұлы Семей политехникалық колледжі «Заңгер» мамандығы, Семей мемлекеттік педагогикалық институты «Дене шынықтыру» мамандығы, Қазақ инновациялық гуманитарлық  – заң университеті «Заңгер» мамандығы, Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын  бітіріп, юриспруденция магистрі атағына ие болды.

    Нұғымаров Айбек Серикболұлы еңбек жолын 2010 жылы «Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резервтегі № 1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде»   жаттықтырушы – оқытушы болып бастаған. 2013 – 2019 жылдары «ШҚО ДШС және Спорт басқармасының Бұқаралық спорт түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ аға нұсқаушы – әдіскер ретінде қызмет атқарды.

                       31 қаңтар 2019 жылдан бастап Семей қаласындағы «Көлік колледжі» КМҚМ директор қызметіне тағайындалды.

        Нұғымаров Айбек Серикболұлы 2017 жылы «Құрмет» ордені, 2016 жылы «Қажымұқан Мұнайтпасов», «Ұлы дала батыры», «Абай», «Шығыс қолбасшысы», 2013 жылы «Бүкіләлемдік қазақ күресіне үлес қосқаны үшін» медальдарымен марапатталды, «Жомарт жүрек» және «Алтын тұғыр» атты республикалық номинацияларының  иегері.

      Нұғымаров Айбек Серикболұлы Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.  Төрт дүркін Азия чемпионы, 2014 – 2018 жылдары «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері,  2013 жылы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы,  үш дүркін қола жүлдегері, үш дүркін «Әлем кубогының» иегері, ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы.

         Отбасында екі қыз бен  ұл тәрбиелеп отырған үлгілі әке.

 

КМҚК “Көлік колледжі” дүйсенбіден жұмаға дейін сағат

8.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.,

сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

демалыс – Жексенбі.

Жеке және заңды тұлғаларды бір күн ішінде қабылдау.

Директордың міндетін атқарушы  жеке мәселелер бойынша қабылдау сәрсенбі күні

сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін;

  • Адрес:  Семей қаласы, көше: Қайым Мұхамедханов 42
  • E-mail: skt_1929 @mail.ru
  • Сайт: http://skt.kz
  • intagram: kolledje_transporta
  • Директор 8(7222) 52-33-00
  • Директордың қабылдау хатшысы 8(7222) 52-26-74
  • Факс 8(7222) 52-26-74
  • Оқу жұмысы жөніндегі орынбасары  8(7222) 52-28-11
  • Бухгалтерия 8(7222) 52-04-46
  • Кадр бөлімі 8(7222) 56-79-23
  • Колледж психологы  skt_help.29@mail.ru  

1 Comment

    • АЙСҰЛУ
      reply

      МЕН ЖАНАЕВА АЙСҰЛУ 2015 Ж СЕМЕЙ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНЕ СЕРПІН 2050 ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСТІМ. 2018 Ж ОҚУДЫ ОЙДАҒЫДАЙ ҚЫЗЫЛ ДИПЛОММЕН АЯҚТАДЫМ. КӨПТЕГЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТТІМ.ұСТАЗДАРЫМА АЙТАР АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ БІЗГЕ САПАЛЫ БІЛІМ,ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ БОЛУДЫ,ҰҚЫПТЫЛЫҚТЫ ҮЙРЕТТІ.СІЗДЕРГЕ АЙТАР АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ.СІЗДЕРДЕЙ БІЛІМДІ ҰСТАЗДАРДАН БІЛІМ АЛҒАНЫМА МАҚТАНАМ. қАЗІРГІ ТАҢДА ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ БОЛЫП ӨЗ КОЛЛЕДЖМЖЕ ЖҰМЫС АТҚАРАМЫН.ТЕК АОҒА ҚАРАЙ ӨРЛЕЙ БЕРІҢІЗДЕР.

Оставить комментарий