Директор 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұғымаров Айбек Серикболұлы

   Нұғымаров Айбек Серикболұлы 1987 жылы 3 шілдеде Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген.

   Нұғымаров Айбек Серикболұлы Семей политехникалық колледжі «Заңгер» мамандығы, Семей мемлекеттік педагогикалық институты «Дене шынықтыру» мамандығы, Қазақ инновациялық гуманитарлық  – заң университеті «Заңгер» мамандығы, Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын  бітіріп, юриспруденция магистрі атағына ие болды.

      Нұғымаров Айбек Серикболұлы еңбек жолын 2010 жылы «Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резервтегі № 1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде»   жаттықтырушы – оқытушы болып бастаған. 2013 – 2019 жылдары «ШҚО ДШС және Спорт басқармасының Бұқаралық спорт түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ аға нұсқаушы – әдіскер ретінде қызмет атқарды.

       31 қаңтар 2019 жылдан бастап Семей қаласындағы «Көлік колледжі» КМҚМ директор қызметіне тағайындалды.

    Нұғымаров Айбек Серикболұлы 2017 жылы «Құрмет» ордені, 2016 жылы «Қажымұқан Мұнайтпасов», «Ұлы дала батыры», «Абай», «Шығыс қолбасшысы», 2013 жылы «Бүкіләлемдік қазақ күресіне үлес қосқаны үшін» медальдарымен марапатталды, «Жомарт жүрек» және «Алтын тұғыр» атты республикалық номинацияларының  иегері.

       Нұғымаров Айбек Серикболұлы Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.  Төрт дүркін Азия чемпионы, 2014 – 2018 жылдары «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері,  2013 жылы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы,  үш дүркін қола жүлдегері, үш дүркін «Әлем кубогының» иегері, ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы.

 Оқу – әдістемелік жұмыс директорының орынбасары
zhumaksanovshm

 

Жұмақсанов Шаған Манапұлы

15 қараша 1954 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында дүниеге келді.
1978 жылы Қарағанды мемелекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша тәмәмдады, біліктілігі «Физика мұғалімі». 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемелекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмәмдады, біліктілігі «Экономист».
Еңбек өтілі 1978 жылдан басталды. 17 наурыз 2015 жылдан бастап «Көлік колледжі» КМҚК директоры болып тағайындалды.
Марапаттары: «ШҚО Абай ауданының Құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының қызыл ай қоғамының Құрмет белгісі», «Қазақстан футболының 100 жылдығына орай медаль», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай медаль», «Қазақстан мәслихаттарының 20 жылдығы» мерейтойлық медалі.

Оқу ісі жөніндегі орынбасар
Тортбаева Раушан Бекетовна

1978 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Никитинка ауылында туған..2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірді. “Құқық және экономика негіздері” мамандығы бойынша, біліктілігі “құқық және экономика негіздері мұғалімі”. 2007 жылы Семей мемлекеттік университетін үздік бітірді. М. Әуезов “Тарих” мамандығы бойынша, “тарих бакалавры” біліктілігі.

2006 жылдан бастап “Көлік колледжі” КМҚК қоғамдық пәндер оқытушысы болып жұмыс істейді, 2013 жылдан бастап колледж әдіскері болып тағайындалды, 2019 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. Жоғары катергориясы бар.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

Аубакирова Асия Муратхановна

1982ж. 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Жандікей ауылында дүниеге келген. 2003ж. Орталық-Азия Университетін “Құқықтанушы” факультеті, “Зангер” мамандығы бойынша тәмәмдады. 2003-2019 жылдар аралығында арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс атқарды.

2019ж. желтоқсан айынан бастап директордың тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Оқу – өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасар
vasilevoa Васильев Олег Анатольевич

1974 ж. 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.
1989 ж. Семей автомеханикалық техникумына оқуға түсіп, 1993 ж. «Техник – тасымалдауды ұйымдастырушы» біліктілігі беріліп бітірген.
1993 ж. интеграция бағдарламасы бойынша Өскеменнің құрылыс- жол институтына түсіп, оны 1996 ж. табысты аяқтады және «Тасымалдауды ұйымдастыру инженері» біліктілігін алды.
Институтты аяқтаған соң ол колледжге оқытушы болып орналасып директордың оқу-өндірістік жұмыстар бойынша орынбасары лауазымына дейін өсті.
Пәндік циклдық комиссияның төрағасы, пайдалану-механика бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2015 ж. бастап директордың оқу-өндірістік жұмыстар бойынша орынбасары болып қызмет атқаруда.

Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар
   Тулендинов Тілек Айтказиевич

1967 жылы 17 сәуірде Семей обдысы Аягоз қаласында дүниеге келді. 1984-1989 жылы Алматы құрылыс техникумында Техник-сәулетші мамандығын алған.

1989 жылдан 2018 аралығында Семей қаласының сәулет және қала құрылысы  саласында қызмет атқарған.2015-2017 жылдары Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде басшының орынбасары қызметінде жұмыс атқарған. 2018 жылдан ақпан айынан бастап Көлік колледжінде директордыңшаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

 Ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасар
veprevov Вепрев Олег Валерьевич

25 маусым 1973 жылы Семей қаласында дүниеге келді. 1990 жылы Семей қаласының Ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтына түсіп, 1995 жылы «Технологиялық үдерістер мен өндірісті автоматтандыру» мамандығына ие болды. Біліктілігі «Автоматтандыру бойынша инженер».6 қыркүйек 1996 жылдан бастап басқарудың автоматтандырылған жүйелері зертханасына меңгеруші ретінде қабылданды. 28 ақпан 2012 жылдан бастап директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары ретінде қызмет атқарады.

Колледж әдіскері
Куандыкова Айжан Болатжановна

1984 жылы 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірді. 2006-2008 ж.Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетің «Кәсіптік оқыту» мамандығын бітірді.

2009 жылдан бастап “Көлік колледжі” КМҚК жалпытехникалық пәндер оқытушысы болып жұмыс істейді, 2019 жылдан бастап колледж әдіскері болып тағайындалды.

Бөлім меңгерушісі
Мукашева Эльмира Мукашевна

1980 жылы 16 шілдеде Семей облысы  Үржар ауданы  Таскескен ауылында  дүниеге келген.

1997-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің филология факултеті, басқа ұлт мектептерінде «Қазақ тілі және әдебиеті» мұғалімі мамандығын бітірген.

2001  жылдан бастап “Көлік колледжі” КМҚКжалпы білім беру пәндерініңоқытушысы болып жұмыс істейді, 2019 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік тілде білім алатын топтардың бөлім меңгерушісі болып тағайындалды.

ШҚО Білім басқармасының Құрмет мадақтамасымен және қала әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Сырттай оқыту бөлімінің меңгерушісі
 ospanovart Оспанова Роза Токтагазиновна

1966 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген.
1993 жылы «Су жолдары мен кемежайлардың гидротехникалық құрылысы» мамандығы бойынша Новосібір су көлік инженерліқ институтын бітірген, «жалпы құрылыстық құқығы бар инженер-гидротехник» біліктілігіне ие болған.
1990 жылдан бастап «Көлік колледжі» КМҚК-нда су мамандықтары бойынша арнайы пәндерінің оқытушысы қызметін атқарды, пәндік циклдық комиссияның төрағасы және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болған. 1997 жылдан бастап автокөліктік-механикалық  мамандықтары бөлімінің меңгерушісі.

Бөлім меңгерушісі
Қойшыбаева Айжан Қайырбайқызы

        1984 жылы 24 наурызда Семей облысы Знаменка ауылында дүниеге келген. 2004-2008 ж. ж. Семей мемлекеттік пед. институт, “Информатика” факультеті” 2004-2009 жылдары сырттай бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды. Семей қаласының көлік колледжінде 2015 жылдан бастап жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы, 2017 жылдан бастап-су бөлімінің меңгерушісі.