Колледж мұражайы

Көлік колледжінің «Әскери және Еңбек Даңқы мұражайы» Ұлы Отан соғысына қатысушы, колледждің әскери жетекшісі Н.В. Кашуриннің басшылығымен «Әскери Даңқы бөлмесі» негізінде 70 – жылдары құрылған. Мұражайда майданға аттанған оқушылар, қызметкерлер, оқытушылар туралы құнды материалдар жинақталған. Осы жинақталған құжаттар мұражай негізіне алынды. Оның ашылуы 1979 жылы колледждің 50-жылдығына орайластырылды.

Мұражай колледж жатақханасының 1–қабатында орналасқан. Мұражай бірнеше реконструкциядан өтті. Соңғысы 2005 жылы болды. Мұражай заманауи дизайнға ие болды. Жыл сайын мұражай жаңа экспозициялармен толықтырылады.

Мұражайдың толымдалуы оның экспозицияларының тақырыптық бағытына байланысты жүзеге асырылады. Басымды бағыты оқу орнын дамытып, кадрларды оқытып, тәрбие бергендер, осы жерден мамандық пен үлкен өмірге жолдама алғандар жайлы материалдар жинақтау болып табылады.

Мұражай өткізеді:

  • Экскурсиялар;

  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар, ардагерлер, жауынгер – интернационалистермен кездесулер;

  • Ерлік сабақтары, сынып сағаттары, байқаулар;

  • Іздену – зерттеу қызметі;

  • Естелік вахтасы.

 Қала мұражайларына экскурсиялар

Колледж мұражайы қала мұражайларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар:

  • Семей облыстық тарихи – өлкетану мұражайы

  • Абай атындағы әдеби – мемориалды мұражай үйі

  • Ф.М.Достоевский атындағы әдеби – мұражай үйі

  • Невзоровтар отбасының атындағы бейнелеу өнері мұражайы

  • Семей Әскери және Еңбек Даңқы мұражайы

  • Семей қаласының өртке қарсы қызметінің мұражайы

  • М.Маметова атындағы мұражай

Мұражай қоғамдық ұйымдар және кәсіпорындармен байланыста:

  • Семей қаласының «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамы

Мұражай жетістіктері. Колледж мұражайы қалалық Әскери және Еңбек Даңқы мұражайлар байқауында 2 мәрте жүлделі орындарға ие болды.

2006 жылы – 2 орын

2010 жылы – 1 орын

2016 жылы –  2 орын