Бүкіл әлемдік ЖИТС мен күрес күні

                Бүкіл әлемдік АИТВ мен күрес күні қарсанында «Көлік колледжінде» Жуасбек Ж. С. пен Оразова Н. А. USAID «Флагман» жобасының Орталық Азиядағы бағдарлаушылары Баширова Алия және Кадыргалиев Адильмен кездесу өткізді. Акцияның мақсаты – 11 ЭАк және 11 ЭВП топ студенттерімен ЖИТС, олардың таралу жолдары туралы білімдерін тереңдету үшін профилактикалық әңгімелесу өткізу.

       Бағдарлаушылар ЖИТС инфекциясының пайда болуы, оның таралу жолдары, ЖИТС инфекциясына тестілеу туралы толық түсіндіріп баяндады. Барлық ақпарат ұғынықты түрде баяндалды, көрнекі жабдықталды. Баширова А. мен Кадыргалиев А. студенттерге брошюралар ұсынды, әңгімелесу мультимедиялық презентациямен сүйемелденді. Әңгімелесу барысында бағдарлаушылар Семей қаласындағы АИТВ-ның оң көрсеткіші статистикасы туралы, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек туралы айтты. Студенттер ақпаратты жақсы қабылдады, көкейтесті сұратарын қоя алды. Кездесу кезінде айтылған ақпарат «Валеология» пәні бағдарламасымен тығыз байланысты.

         Өте белсенді студенттерді бағдарлаушылар ескеріп Семей қаласының ОО «Куат» ұсынған сыйлықтарымен марапаттады. Және де бағдарлаушылар студенттерді ЖИТС-ке тексерудің экспрес әдісімен таныстырып, қалауы бойынша студенттер өздерінің денсаулығын тексеруге мүмкіндік алды. Жылы кездесу кофе-брейкпен достық қарым-қатынаста аяқталды.

                     

                                      Педагогпсихолог Жуасбек Ж. С.

Өзін-өзі тану және Валеология пәні оқытушысы Оразова Н. А.