«Көлік колледжі» КМҚК қамқоршылық кеңесінің жұмысы

       Кез келген оқу орнының, соның ішінде біздікі де бар, қамқоршылық кеңесінің жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңес жұмысының үлгілік қағидаларына негізделеді. Қағида Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44-бабы 9-тармағына сәйкес әзірленген. 

        Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі білім беру ұйымын алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.Қамқоршылық кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы қағиданы, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

      Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына: 

      1) басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;

      3) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;

      4) демеушілер кіруі мүмкін.

Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Қамқоршылық кеңес жұмысының мақсаттары:

      1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;

      2) білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;

      3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;

      4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету;

      5) білім беру ұйымы жұмысының, оның ішінде қаржы қаражаттарын бөлу жұмыстары үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Қамқоршылық кеңес жұмысының негізгі бағыттары:

      1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;

      2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;

      3) халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;

      4) білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады;

      5) білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің алдында есебін тыңдау болып табылады.

      Қамқоршылық кеңестің жұмысы 3 жыл мерзіммен шектеулі болғандықтан колледждің  қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің құрамы 2014-2015 оқу жылында колледж ұжымының жалпы жиналысында Кеңестің жаңа мүшелерінің қатысуымен қайта сайланды. Қазіргі кезде Қамқоршылық кеңестің құрамы 9 адамнан тұрады.

Кеңестің төрағасы – Машина жасау зауытының бас директоры Омаров Нурлан Сраильевич.

Кеңес мүшелері:

Гречкин Александр Владимирович – Семей қ. су жолдары РМКК базалық кәсіпорнының директоры, біздің колледждің түлегі.

Филичкин Владимир Евгеньевич –«Азия COMBI» директоры

Ибраев Сабит Молдатьянович – білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының аймақтық кеңесінің төрағасы, біздің колледждің түлегі, біздің студенттің әкесі.

Ширяев Аскар Маратович – «Таксоматор паркі» ЖШС директоры

Құтжанов Арман Мұратұлы – «Тарбағатаймұнайдың» бас директорының орынбасары

Қайрамбаев Бауыржан Сейтжапарович – «Қалалық жол құрылысы» ЖШС директоры

Изотов Александр Сергеевич – құрылыс компаниясының жетекшісі.

      Есепті кезеңде, яғни ақырғы үш жылда (2014-2017 оқу ж.) Кеңес мүшелері колледж өміріне белсене араласты. 2014-2015 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күніне «Қалалық жол құрылысы» ЖШС директоры Кайрамбаев Бауыржан Сейтжапарович шақырылды, сонымен қатар ол мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (МҚАК) төрағасы болып табылады.

    Қамқоршылық кеңестің мүшелері Құтжанов Арман Муратұлы («Тарбағатаймұнайдың» бас директорының орынбасары), Изотов Александр Сергеевич (құрылыс компаниясының жетекшісі), Кайрамбаев Бауыржан Сейтжапарович («Қалалық жол құрылысы» ЖШС директоры) колледжге жыл сайын демеушілік көмек көрсетіп отырады. Мысалы, демеушілік көмектің арқасында 2015 жылы 3-ші корпустың төрт оқу кабинетіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ ағымдық жөндеу жұмыстарына да қаражат бөлінді.Колледж студенттері машина жасау зауытында өндірістік практикадан өтеді, оның директоры қамқоршылық кеңестің төрағасы Омаров Нурлан Сраильевич болып табылады.

       Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының аймақтық кеңесінің төрағасы Ибраев Сабит Молдатьянович колледждің Әкелер кеңесінің құрамына кірген. Ол да МҚАК мүшесі болып саналады.

      Филичкин Владимир Евгеньевич («Азия COMBI» директоры) пен Ширяев Аскар Маратович («Таксомотор паркі» ЖШС директоры) жыл сайын Ашық есік күні мектеп оқушыларын колледжге әкелуді ұйымдастыруда автобустар беріп көмек көрсетеді. Сонымен бірге Филичкин Владимир Евгеньевич балаларды Жидебайға апаруға көлік беріп, үнемі көмек көрсетіп отырады.  Осы оқу жылында ол колледж қызметкерлерінің Шүлбі кентіне баруып келуіне көлік берді. Жыл сайын навигация аяқталғанда су бөлімі студенттерінің Семей қ. су жолдары РМКК базалық кәсіпорнының директоры Гречкин Александр Владимировичпен кездесулері ұйымдастырылып тұрады. 2016 жылы Гречкин Александр Владимирович «Жасталап» оқу теплоходын күрделі жөндеуден өткізу үшін өтеусіз негізде материал бөлді, сонымен қатар Гречкин А.В. колледжге жөндеу жұмыстары үшін инертті материал (қиыршық тас) берді. Материалдың осындай түрін (ұсақ тас) Қайрамбаев Бауыржан Сеитжапарович та бөлді. Қамқоршылық кеңес колледж аумағын абаттандыруға көмек көрсетті.

        Қамқоршылық кеңестің мүшелері Омаров Н.С., Филичкин В.Е. және Ширяев А.М. дуальді оқытуды жүзеге асыруда жәрдемдеседі, өндірістік практикадан өту үшін кәсіпорынның базасын пайдалануға мүмкіндік береді. 2016-2017 оқу жылында дуальду оқыту жүйесін енгізу мәселесі бойынша сол кісілердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері жалпы колледждік іс-шараларға қатысып тұрады. 2015 жылы маусым айында Қамқоршылық кеңестің мүшелері «Үздік автомеханик» халықаралық сайысында қазылар құрамында болды.

Кайрамбаев Б.С., Филичкин В.Е. жыл сайын МҚАК төрағалары, Ибраев С.М. МҚАК мүшесі болып тағайындалады.

Ақырғы үш жылда Қамқоршылық кеңестің мүшелері колледжге бірнеше рет демеушілік көмек көрсетті. Атап айтсақ, демеушілер есебінен

– 2015 жылы жалпы сомасы 246000 теңгеге ұлттық сахналық кәстөмдер тігілді; оқытушылар бөлмесіне 119000 теңгеге ксерокс қойылды; директор мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының кабинеттерін жөндеу үшін 502656 теңгеге құрылыс матриалдары; директордың кабинетіне жиһаз үшін  920000 теңге бөлінді; оқушыларға 100000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді; 548800 теңгеге жылу есептегіштер алынды;

– 2016 жылы оқушыларға 67500 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді; Мұғалімдер күніне оқытушыларға сыйақы 250251 теңге; мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге – 150000 теңге; Қарттар күнінде ардагерлерге көмекке– 110000 теңге бөлінді.

– 2017 жылы жаңа музыкалық аспаптарға – 315000 теңге; оқушыларға стипендиялық грант түрінде материалдық көмекке – 81000 теңге бөлінді.

Шешім жобасы:

Колледждің Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы есепті ескеру.Қамқоршылық кеңес жұмысының үлгілік қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты 2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатарынан көлік колледжінің директоры Жумаксанов Ш.М. шығарылсын. Мерзімі – 2017-2018 оқу жылы.

Колледж директоры:         Жумаксанов Ш.М.