Көлік колледжінің үздік оқытушысы – 2018

        Көп жылдар бойы біздің оқу орнымызда «Көлік колледжінің үздік оқытушысы» атты кәсіби шеберлік мерекесін өткізу дәстүрі  қалыптасқан. Жыл сайын бұл іс – шараға оқу – әдістемелік және тәрбие жұмысында табысқа жеткен, әріптестеріне сыйлы және оқушыларына сүйікті оқытушылар қатысады.

     «Көлік колледжінің үздік оқытушысы» және «Көлік колледжінің үздік сынып жетекшісі» сайыстарының жеңімпаздары Сайыс жеңімпаздарының кеңесін құрды, қазіргі таңда оны Кукотина М.В. басқарады.

     Биылғы жылы Кеңестің шешімімен сайыстың Ережесіне бірнеше өзгерістер енгізілді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – оқытушы қызметінің рейтингтік бағасы. Мұнда 21 көрсеткіш: пән бойынша оқу – әдістемелік кешенінің мазмұны мен студенттің оқу – әдістемелік кешені, студенттің пән бойынша үлгерімі, жұмыс дәптерін құрастыру, әдістемелік бюллетенді шығаруға, пән – циклдік комиссия аптасына, жалпы колледждің әдістемелік іс – шараларына, зертхана мен кабинеттерді тексеруге қатысу, оқушыларды олимпиадаларға, сайыстарға, конференцияларға дайындау және тағы басқалары есепке алынды.

       Биылғы жылы сайыстың 1 кезеңінде рейтингтік көрсеткіштер бойынша  жылдың үздік оқытушысы анықталды. Ол қоғамдық пәндер оқытушысы Имангалиева Г.С.

   2 және 3 кезеңдерде Ережеге сәйкес, биыл еңбек өтілі мен педагогикалық тәжірибесіне қарамастан ынта білдірген барлық оқытушылар қатыса алды. Осы жолы педагогикалық шыңды еңбек өтілі 1 – 5 жыл аралығындағы жас оқытушылар мен еңбек өтілі 10 жылдан асатын тәжірибелі оқытушылар Елтаева А.Г., Жилкайдарова Г.Б., Оразова Н.А., Шарафудинова Г.Р., Чирков М.С., Жанаев Р.Т.бағындырды.

      Финалға өтіп, сахнаға шығар алдында бұл оқытушылар 2 кезеңнен өтті. Қызметтің рейтингтік бағалауынан кейін олар өздерінің  іскерлік, шеберлік дағдыларын 2 кезеңде көрсетті. Мұнда оқытушылар мемлекеттік тілді меңгергендігін, компьютерлік сауаттылығын, педагогика мен психология салаларындағы білімдерін көрсетті. Осылайша, қатысушылар финалға белгілі бір жиылған ұпай сандарымен жетті. Екі кезеңнің нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған бес қатысушы финалға шығып, қазылар алқасының алдында сахнада өнер көрсету құрметіне ие болды.

      Финалдық кезеңнің бірінші сайысы «Мамандыққа апарар жолым» атты өзін – өзі таныстыру болды. Барлық оқытушылар өзі жайлы, оларды осы мамандыққа алып келген және күнделікті өзінің оқыту қызметінің процессінде басшылыққа алатын педагогикалық ұстанымы жайлы айтты.

   Екінші сайыс – педагогикалық ситуацияның шешімі, үшінші сайыс – шығармашылық. Біз оқытушылардың жарқын өнерін тамашаладық. Сайыстың барысында олардың әрқайсысы өзінің таланты мен қабілетін көрсетуге тырысты.

    Соңғы сайыс жанкүйерлердің қолдау тобының өнер көрсетуі болды. Мұнда оқытушылар өздерінің әріптестері мен оқушыларын іс-шарға тарта білді. Барлық қатысушылыр өздерін және өз пәндерін, жеке және кәсіби қасиеттерін, шығармашылығы мен шеберліктерін, өзіндік жұмыс жүйесіндегі тиімді элементтерін, интеллектуалдық сайыста білімдерін және шешендік өнерлерін мазмұнды түрде көрсете білді.

         Сайысқа тәуелсіз қазылар алқасы баға берді. Оның құрамына колледждің әкімшілігі мен Сайыс жеңімпаздарының кеңесі кірді. Олар: оқу ісі жөніндегі директор орынбасары С.С.Латыпова., оқу – тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары К.М.Тулеуов., оқу – тәжірибелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары О.А. Васильев.

         Қазылар алқасы 2017 – 2018 оқу жылының номинация жеңімпаздары мен үздік оқытушыны анықтады.

     Содан кейін 2017 – 2018 оқу жылы «Көлік колледжінің үздік оқытушысы» сайысының қатысушыларын салтанатты түрде марапаттауы өтті.

 «Өз ісінің шебері» номициясында А.Г.Елтаева, «Педагог-оптимист» номинациясында Н.А.Оразова, «Педагог – зерттеуші» номициясында  Г.Б. Жилкайдарова жеңіске жетті.

«Шығармашыл оқытушы» және «Көрермендер көзайымы» номинацияларының жеңімпазы болып М.С.Чирков атанды.

Ал,2017 – 2018 оқу жылы «Көлік колледжінің үздік оқытушысы»  атағына Г.Р. Шарафудинова ие болды

    Сайыс қатысушылары, қазылар алқасы мен Кеңес мүшелері колледждің мұражайына естелік фотосуретке түсті. Колледждің Үздік оқытушылар Кеңесінің қатары  тағы бір талантты педагог Г.Р. Шарафудиновамен толықты.

      Барлық сайыскерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Сайысқа қатысушылар арасында жас, жігерлі, өз мамандығына берілген оқытушылардың көптігіне қуаныштымыз. Демек, аға буындарымыз өзін – өзі жетілдіруге ұмтыла алатын жас ұрпақпен мақтан тұта алады.    

Сайыс жеңімпаздары Кеңесінің төрайымы Кукотина М.В.