ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ КОЛЛЕДЖДЕ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

              Экономиканы дамытудың жаңартпа бағытына сәйкес ҚР өндірісінің техникалық және технологиялық жиынтығын түбегейлі жаңалау техникалық және кәсіптік кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруді қажет етеді, яғни ТжКББ жүйесінің алдына жаңа міндеттерді, көптеген мәселелерді шешуді қояды.

               ТжКББ еңбек нарығымен өзара әрекеттесуінің қанағаттанғысыздығы, жұмыс берушілердің білім беру мазмұнын құруға, ТжКББ ұйымдарындағы оқыту үдерісіне және оларды демеуге нашар қатысуы жүйелік фактор болып табылады, осының салдарынан теория мен практика арасында жер мен көктей алшақтық пайда болған, бұл жұмыспен қамтудың төмен көрсеткішімен жалғасқан.  Бұл мәселе әр уақытта әртүрлі шешіліп келген.

                     ШҚО ТжКББ ұйымдарын дамыту бойынша аймақтық Кеңес құрылған.

      Айрықша жауапкершілік ресурстық орталықтарға жүктелген, олар ең жаңартпа әдістерді, тәсілдерді және жүйелерді енгізулері тиіс. Осы орайда Көлік колледжі ШҚО бойынша сегіз колледждің бірі болып табылады.

       Практика көрсеткендей  дуальді оқыту жүйесі осы мәселеде өз тиімділігін дәлелдеді.  Білім берудің дуальді жүйесі – оқу мекемесінде білім алуды өндірістік қызмет кезеңдерімен үйлестіруді қарастыратын білім беру жүйесі.

         Дуальді білім беру жүйесін енгізу аясында осы жылы 1201000 «Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша, біліктілігі 1201123 «Техник-механик»,  эксперименттік жұмыс жоспары әзірленді, осы жоспар ШҚО ББ келісілді. Осы жоспар бойынша практикалық оқытуға оқу уақытының 69% бөлінген (салыстыру үшін: 25 ТРк тобы жаңа жоспар бойынша, 24ТРк тобы – 49%).

         Қазіргі уақытта 4 тараптық жеті келісім жасалды (колледж – кәсіпорын – кәсіпкерлер Палатасы – «ШҚО Білім басқармасы» ММ), олар «Семавтопарк» ЖШС, «Таксомоторный парк» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС және т.б. әлеуметтік серіктестер.

       Дуальді оқытуды енгізу мақсатында тәжірибе ретінде 1201000 «Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 44 ТР тобы жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда практикадан өтті.

          Жаңа «Мехатроник» біліктілігін алу үшін жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бұл үшін жұмыс оқу жоспарлары әзірленді және Білім басқармасымен және кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасымен келісілді, сонымен қатар көрсетілген біліктілікке лицензия алу үшін құжаттар пакеті дайындалып жатыр.

       Әрине, бұл жерде МЖМБС, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысатын, кәсіпорындардың технологиялық базаларын пайдаланумен кәсіптік практиканы ұйымдастыратын, арнайы пәндер оқытушыларының машықтанудан өтуін жүргізетін, қорытынды аттестаттауды (МҚАК, СТБ) өткізуге қатысатын әлеуметтік серіктестердің рөлі зор екенін айта кету керек.

      Мемлекет (колледж түрінде) пен кәсіпорынның мамандарды даярлау сапасы үшін теңдей жауапкершілігі оқытудың дуальді жүйесінің басты белгісі болып табылады, яғни дуальді оқыту жүйесі кәсіпорындардың кәсіптік білім беруге тікелей қатысуын талап етеді. Оқу мекемелері базаларында өндірістік немесе практикалық оқыту жүзеге асырылатын кәсіпорындармен тең құқылы негізде қызмет етеді.