««My PRO» мамандықтар фестивалі»

         Мамандық таңдау – адамның жас шағында іске асыратын басты өмірлік таңдауларының бірі, себебі мамандық таңдай отырып ол өмір салтын да таңдайды.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру аясында, ағымдағы жылдың 28 ақпанынан бастап 3 наурызына дейін, 7-11 сыныпта оқитын мектеп оқушылары үшін ««My PRO» мамандықтар фестивалі» өткізілді. Онда мектеп оқушылары кіші көлемдегі ересектер өміріне кіріп қайтты.

««My PRO» мамандықтар фестивалі» квест форматында өткізілді, мамандықтар құпиясы ашылып, шеберлік сағаттары, ойындар, кәсіптік диагностика, кәсіптер бойынша практикалық сабақтар көрсетілді.

Мектеп оқушылары арнайы алаңқайларда Шығыс Қазақстан облысының колледждері мен ЖОО-ның үздік мамандықтарының шеберлерімен танысты.

Оставить комментарий