Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық  ынтымақтастық
     Көлік колледжі кәсіптік білім  аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Көлік колледжі Ресеймен, Украина, Белорусь және Норвегиямен кәсіптік лицейлар, техникум және колледждермен 15 келісім-шарттар бекітті, оның ішінде:
– ГБОУ СПО «Екатеринбор автожол колледжі», Екатеринбор қаласы,    Свердлов облысы
– КГРОУ СПО «Алтай өнеркәсіп-экономикалық колледж», Барнаул қаласы,
– капитан В.И.Евдокимов атындағы Омбы  өзен командалық училищесы,
– ГБОУ СПО «Липецк машина-құрылыс колледжі» Липецк қаласы,
– ГБОУ СПО «А.А.Николаев атындағы Мәскеу автожол колледжі»,       Мәскеу қаласы,
– ГБОУ НПО «№12 Кәсіптік лицей», Липецк қаласы,
– ФГОУ СПО «Щебекин автокөлік техникумы» Белгород облысы,    Щебекино қаласы,
– ФГОУ СПО «Алтай мемлекеттік колледжі» , Барнаул қаласы,
– ГБОУ СПО «№9 автокөлік колледжі», Мәскеу қаласы,
– ФГОУ СПО «Омбы автокөлік колледжі», Омбы қаласы,
– ФГОУ СПО «Томск автожол техникумы, Томск қаласы,
– ФГОУ СПО «Красногор мемлекеттік колледж», Мәскеу облысы,    Красногор қаласы,
– С.Орджоникидзе атындағы Харьков автокөлік техникумы, Харьков    қаласы, Украина,
– Минск мемлекеттік автомеханикалық колледжі, Минск қаласы, Белорусь,
– Ставангер  теңіз нефтегазалық өндіріс колледжі, Ставангер қаласы, Норвегия,
ОӨЖ директорының орынбасары Велькер Н.В., оқытушы Молдажанов Т.Т. Халықаралық экономикалық Омбы қаласында болған форумға, автокөлік колледжіне барды, В.И.Евдокимов атындағы өзен командалық     училищесіне барды, қазақ диаспора студенттерімен кездесті. КГРОУ СПО Барнаул қаласының «Алтай өнеркәсіп-экономикалық колледж» оқытушыларымен және студенттерімен колледжде болды, жұмыстарымен танысты. «Сказ» хореографиялық ұжымы студенттер және оқытушылар алдына шықты.
   Арнайы пәндер оқытушысы Молдажанов Т.Т. Башқұртстан Республикасында, Уфа     қаласында кәсіптік кадрлар біліктілігін жоғарлату курсында «ДВС  отын жіберу электрондық жүйесінде  жөндеу және диагностикалау» тақырып бойнша оқып келді.
  Колледж Қазақстан-Норвегиялық  «ШҚО аймақтық білім дамыту моделі» жобаның  қатысушысы. Біздің колледж Трир қаласындағы  Ремесленная палата кәсіптік-техникалық оқыту жобасына қатысты, олармен ынтымақтастық туралы келісім    бекітілді, жоба ұйымдастырушылары колледжге келіп танысты. Осы жоба аясында кәсіптік білім беру шебері Костюченко А.А. 2013 жылы Германияға оқуға барып келді.
Колледж директоры Минск қаласындағы халықаралық конференцияға қатыстып, Минск мемлекеттік автомеханикалық колледжімен творчестволық ынтымақтастық туралы келісім-шартына екі жақ қол қойды.

Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

     Семей қаласының «Көлік колледжінде» 2018 жылдың 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауына орай кезекті жиналыс өткізілді. Колледж директоры Жумаксанов Шаған Манапұлы мен колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Тулеуов Каныш Мақсұтұлының басшылығымен ұйымдастырылған бұл жиынға  арнайы қонақ ретінде Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев Айдар Серікқазыұлы шақырылды.

   Жиналыс барысында бірінші болып тарих және география пәнінің оқытушысы Имангалиева Гаухар Сайлауқызы  қазақ тілінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналғанын» айта отырып,  жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін бағытталған 10 міндеттермен таныстырып өтті. Келесі болып тарих пәнінің оқытушысы Шарафудинова Гульфия Ришатовна орыс тілінде өз баяндамасын жасады.

  Сонымен қатар колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Туяқпаев Талғат  Елбасының жыл сайынғы жоспарындағы білім саласына байланысты бағыттарына аса көңіл бөлетінін айта келе колледж оқытушыларына «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылданғаны жайлы партиялық билетті табыстап, оқытушыларды құттықтады. Колледжімізде барлығы 46 оқытушы «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылданды.

   Колледжіміздің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Омарханова Жанат Елбасының жыл сайынғы жолдауы шамшырақ сияқты және жыл сайын жолдауды асыға күтетінін атап өтті. Сөз соңында Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев Айдар Серікқазыұлы колледж ұйымын жаңа жылмен құттықтай отырып, ұжымға сәттілік тілей келе өз рахметін білдірді.

Көлік колледжінің тарих пәнінің оқытушысы, тарих магистрі:

 Имангалиева Гаухар Сайлауқызы.

Қазақстан Респупликасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік іс-шара.

          2018 жылдың 15 желтоқсан күні колледж акт залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік концертті арнайы пәндер оқытушысы Далбин Т.С. және колледж студенттері ұйымдастырды. Іс-шараға колледж әкімілігі, оқытушылар және студенттер көрермен ретінде қатысты. Іс-шара барысында колледж директоры Жумаксанов Ш.М. құттықтау сөздерін айтып өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Латыпова С.С. Қазақстан Республикасының Астанасына 20 жыл мерекесіне байланысты білім саласына зор еңбегің қосқан үшін құрмет төс белгісімен марапатталды. Сонымен қатар директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Тулеуов К.М. және филологиялық пәндер бірлестігінің төрайымы Молдажанова Г.С. құттықтау сөздері айтылды. Филологиялық пәндер апталығы барысында жанадан қабылданған топтар арасында ең үздік қабырға газеті сайысының жүлдегерлері 23 ТРэк, 22 СМ және 11 ЭВП топтары марапатталды.

 

Чемпионат «WorldSkills Shygys 2018»

 WorldSkills Kazakhstan

                   WORLDSKILLS дегеніміз не? WorldSkills — халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады.

         WorldSkills Kazakhstan миссиясы Республикамызда  үшінші жыл өткізіліп отыр және халықаралық стандарттар негізінде техникалық кәсіптер бойынша кәсіпорындардың жоғары технологиялық салаларын кадрлық қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру, соның ішінде кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сараптау қоғамдастығын қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру болып табылады.

              2017 жылы біздің студентіміз Климков Алексей «Мехатроника» құзыреті бойынша облыстық, ұлттық сайыста бірінші орынды иеленді және Қазақстан Республикасы командасының құрамында БҰӘ Абу-Даби қаласында өткен WorldSkills Халықаралық чемпионатына қатысты.  

        2018  жылдың 03 – 05 сәуірі аралығында біздің қаламызда WorldSkills Shygys 2018 құзыреттері бойынша өңірлік чемпионат өткізілді, оған Шығыс Қазақстан облысының ТжКББ жүйесінің оқу орындары қатысты.

      Осы чемпионат «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның аумағында өткізілді, оған 130 студент қатысып, 31 құзырет бойынша бақ сынасты. Біздің колледж осы сайыста өзін лайықты түрде таныта білді, атап айтсақ,  біз қатысқан жеті құзырет бойынша төрт студентіміз бірінші орындарды жеңіп алып, ШҚО чемпиондары атанды, олар:

Сәруаров Елдос. 36ТРэк тобы

Захихов Жанат. 34ТРм тобы

Задорожный Владимир  27ТРм тобы

Кунсафин Бекзат  31ТРк тобы

Сондай-ақ, қатысушыларды даярлау үшін барлық күштерін салған оқытушылар мен ӨО шеберлерін атап айтқымыз келеді:

Молдажанов Талғат Тұяқбаевич

Соколов  Сергей Юрьевич

Костюченко Александр Александрович

Истемесов Дамир Бахтиярович

 WorldSkills қозғалысы Қазақстанда ерекше мәртебелі, осы жарыстар еліміз үшін олимпиадалық ойындар тәрізді маңызды мәнге ие.  

Жастар халықаралық чемпионатқа белсенді түрде қатысады, бұл кәсіптік дағдыларды жетілдіруге түрткі болып табылады.

Әрбір жас адамның өз ортасында ең үздік болуға ұмтыуы әрбір кәсіпорын мен Республикамызды тұтастай алғанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуіне мүмкіндік туғызады!

              

 

День благодарности

День благодарности

Начиная с 2016 года, в Казахстане появился новый праздник – День благодарности, установленный указом Президента Республики №173 от 14 января 2016 года. Этим же документом утверждена и дата его официального ежегодного празднования – 1 марта. «В этот день народы страны могут поблагодарить друг друга и казахов за терпимость и гостеприимство в те годы, когда многие народы были депортированы в страну… 
 Этот день может стать ярким праздником милосердия, дружбы и любви всех казахстанцев друг к другу», – сказал   глава государства. 

 «Дня благодарности»  в КГКП «Колледж транспорта» становится традицией. Второй год психолог Ж. С. Жуасбек и председатель молодежного комитета З. А.  Идрышева организуют мероприятия, посвященные этому празднику.

1 марта день начался с того, что  учащиеся в национальных костюмах встречали  всех в 1-ом корпусе колледжа с поздравлениями на разных языках. Преподаватели получили листочки, на которых были написаны слова благодарности и признательности от своих студентов.  Также проходила акция «Спасибо!» Учащиеся и преподаватели писали  слова благодарности на стендах с ладошками. Преподаватели и студенты также смогли сказать спасибо с экрана телевизора. На большой перемене транслировалась радио линейка с поздравлениями, адресованными преподавателям, студентам, родителям и друзьям.

 День благодарности призван стать великим днем патриотизма, дружбы, культурного разнообразия. Этот праздник способствует укреплению и развитию единства многонационального Казахстана и воспитывает патриотизм в наших студентах.

                                                                                                                             Психолог         Жуасбек Ж. С.

                                                                                                                             Председатель МК Идрышева З.