Психология апталығы.
Қараша айының 28 – нен желтоқсан айының 3-не дейін «Көлік колледжінде» «Өз-өзіңмен және басқалармен тату өмір сүр» ұранымен Психология апталығы өтті.
Апталық «Жүрегіңді достыққа толтыр» атты акциямен басталды. Таңертең ертеколледждің бас ғимаратында, студенттерпрофкомның төраымы Идрышева З. және психолог Жуасбек Ж. С. оқушылар мен оқытушыларды қарсы алып, оларға өздерінің құрбы – достарының есімдерін жазып жүрек жылуларымен бөлісуді ұсынды.
29 қарашада колледждің акт залында 11 СМ, 11 ЭВП, 11 ТР, 12 ТР, 13 ТРЭ студенттерінің наркологпен кездесуі болды. Қаламыздағы наркодиспансерінің наркологі Ахмедова Надежда Шотаевна арнайы шақырылды. Ол зиянды әдеттер туралы, және оның салдары туралы әңгімеледі. Семей қаласы бойынша жастар арасындағы темекіге, алкогольді ішімдіктерге тәуелділік туралы статистикалық мәліметтер келтірді.Дәріс насыбай туралы презентациямен және нашаға тәуелділік туралы видеороликпен сүйемелденді. Студенттер, өздерін қызықтырған сұрақтарға тәжірибелі маманның жауабын алды.
30 қарашада «Кең байтақ елдің тұңғыш президенті» тақырыбында эссе сайысы болды. Әрбір топтан 1 студенттен шығып, ҚР өткені, қазіргі сәті, болашағы туралы өз ой-пікірлерін білдіретін жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, онда тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың жетістіктері туралы да өз ойларын білдірді. Жұмыстарды бағалағандар филологиялық пәндер оқытушылары Мукашева Э. М., Антонова О. С.және колледж психологы Жуасбек Ж. С. Сайыстың қорытындысы: 3 орын – Логинов В. 11 СМ тобы, 2 орын – Әшім Ерболат 15 ТРК тобы, Ищенко Марина 11 ЭВП тобы, 1 орын – Дәулетов Жалғас 11 ДМК.
2-ші желтоқсанда жаңа қабылданған топтар «Менің тобым» атты газеттер сайысына қатысты. Сайыстың қорытындысы: 3 орын – 11 ТР тобы және 13 ТРЭ тобы, 2 орын – 15 ТРК тобы, 1 орын – 11 ДМК тобы.
Апталық 3 желтоқсан күні «Зияткерлік ойынмен» аяқталды. Ойында қазылық еткен студенттер профком төрайымы Идрышева З., өзін-өзі тану пәні оқытушысы Кумашева Н. А. және 31 ЭВП тобының студенті Демеутаева Т. Ойын қорытындылары: 1 орын – 11 ДМК тобы, 2 орын – 15 ТРК тобы, 3 орын – 14 ТРК тобы.
Іс – шараларды өткізуге жауаптылар: колледж психологы Жуасбек Ж. С., студенттер профком төрайымы Идрышева З., медициналық қызметкер Ярулина Р. М., өзін-өзі тану пәні оқытушысы Кумашева Н. А.
Психолог Жуасбек Ж. С.