Көлік колледжі оқытушысының
НАМЫС КОДЕКСІ
Өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру және тәрбиелеу бойынша аса
маңызды міндет атқаратын, оқытушы атағы, қоғам мен мемлекет тарапынан
ерекше сенім арту болып табылады және оның моральдық-этикалық бетбейнесі мен өнегелігіне жоғары талап қояды.
Әр оқытушы міндетті:
1) Қазақстан Республикасы Президентініңсаясатын қолдауға және оны
дәйекті түрде қолданысқа енгізуге;
2) заңдылық принципін басшылыққа алып, Конституцияны мүлтіксіз
сақтауға және Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң ұстануға;
3) білім алушылардың құқығын, еркіндігін және заңды мүдделерін сақтау
және қорғауды қамтамасыз етуге, адам және азаматтың құқығы мен
еркіндігін бұзумен байланысты әрекеттерге жол бермеуге;
4) Қазақстан халықтарының бірлігін және ұлтаралық ынтымақты
нығайтуға мүмкіндік туғызуға;
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін мүлтіксіз орындауға, өзінің кәсіби
міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға, айтылғанды жүзеге асыру үшін
өз жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;
6) бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін бар күшін салуға, алдыға
қойылған мәселелерді шешудің оңтайлы әдістерін қолдануға, колледж
меншігіне ұқыпты қарап, оны орынды және тиімді пайдалануға;
7) сыбайлас жемкорлықтың көрінісіне қарсы тұруға;
8) білім үрдісіне қатысушылардан (білім алушылар, оқытушылар, атааналар мен басқа тұлғалардан), кәсіби міндеттерді атқаруға
байланысты,сыйлықтар мен қызметтер қабылдау фактілеріне жол
бермеуге;
9) өзінің іске деген көзқарасымен және жеке тәлімімен ұжымда тұрақты
және жағымды моральдық-психологиялық жағдайдың құрылуына
мүмкіндік туғызуға;
10) басқа оқытушылар мен қызметкерлер тарапынан қызметтік этиканы
бұзу фактілерін болдырмауға және оған жол бермеуге;
11) білім үрдісіне қатысушылардың колледж қызметіне деген сенімін
нығайтуға мүмкіндік туғызуға;
12) өтініштерді қарастыру кезінде бюрократиялық пен кешіктірушілік
көріністеріне жол бермеуге;
13) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына, сөйлейтін тіліне, дінге қатысты
көзқарасына, пікірлеріне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа
жағдаяттарға қатыссыз адам мен азаматтың ар-намысын құрметтеуге;
14) жалпы жұрт қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды
ұстануға, мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауға,
15) әдепті әрі сыпайы болуға, білім алушыларға қатысты дөрекілік,
адам намысын қорлау, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге;
16) қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім үлгісінде іскерлік
стильді ұстануға;
Осы Кодексті ұстану колледж оқытушыларының
кәсіби борышы болып табылады
29.08.2011 ж. педагогикалық кеңесінің
отырысында қабылданған