Студенттермен әскери есеп, жане академиялық демалыс жөніңде түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Студенттермен әскери есеп, жане академиялық демалыс жөніңде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Со студентами была проведена разъяснительная работа по воинскому учету и по академическим отпускам.
#Абай_облысы_ТиППО
#көлік_колледжі

“Біздін күш бірлікте “ тренингі

Қоғамдық пәндер пәні апталығы аясында Көлік колледжінде педагог-психолог Жуасбек Жанар Сардарбекқызы және ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары Рахимов Жасұлан Оралбайұлы топты біріктіру және тиімді командалық өзара іс-қимыл құру мақсатында “Біздін күш бірлікте “ тренингін өткізді.
В рамках предметной недели общественных дисциплин в Колледже транспорта педагогом – психологом Жуасбек Жанар Сардарбекқызы и заместителем директора по информационным технологиям Рахимовым Жасуланом Оралбаевичем был проведен тренинг «Сила в единстве» с целью сплочения группы и построения эффективного командного взаимодействия.
#колледжтранспорта
#неделяПЦК
#ТРЕНИНГ

“Менің Республикам” челленджі

“Менің Республикам” челленджі аясында колледжіміздің студенттері арасында викториналық сұрақтар қойылып, мемлекетіміздің даму тарихына шолу жасалды.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#АПҚО_Абай_облысы_ТиППО
#көлік_колледжі #МеніңОтанымҚазақстан
Видео

«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе және «Атамекен» тақырыбында диктант

25 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы күніне орай біздің колледжде жастарды патриоттық тәрбиелеуге және өз елі үшін мақтаныш сезімін дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Орталық іс-шаралардың бірі «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе және «Атамекен» тақырыбында диктант өткізу болды. Бұл іс-шаралар барлық 1 курс студенттерін қызықтырды және олар ынтамен қатысты.
Студенттердің жұмыстары тереңдігімен, шынайылығымен және шығармашылығымен ерекшеленді, бұл олардың Қазақстанға деген сүйіспеншілігін айғақтайды.
Диктант студенттердің сауаттылығын ғана емес, олардың туған елі туралы білімдерін де тексеруге айналды. Диктант мәтіні Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына және оның егемендік жылдарындағы жетістіктеріне арналды.
Өткізілген іс-шаралар студенттер арасында патриотизмнің жоғары деңгейін және олардың ел өміріне белсенді қатысуға дайындығын көрсетті. Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды, ал үздік жұмыстар колледж сайтында жарияланады.
Диктант жазуда бірінші орын алған студенттер:
Бақытқазы Ерсұлтан 11 ТЭМк
Қабдығали Әлихан 11 ЭАк
Тютюньков Олег 11 ДМ
Эссе жазуда бірінші орын алған студенттер:
Еркін Ақжол 11 ЭАк
Жанарбекұлы Алтынбек 11 ЭАк
Біз барлық студенттерді Отанымыз – Қазақстанды жақсы түсінуге және бағалауға көмектесетін осындай патриоттық бастамаларға қатысуды жалғастыруға шақырамыз!
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#АПҚО_Абай_облысы_ТиППО
#көлік_колледжі #МеніңОтанымҚазақстан

Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

2024 жылғы 22 қарашада көлік колледжі өз базасында «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қ. Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі» РММ өкілдерін командирдің міндетін уақытша атқарушы Т. М. Қалиекперовпен қарсы алды..
Құзыреттер орталығына барып, әскери бөлім базасында 10320200 «төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша 2 топты дуальды оқытуды ұйымдастыруды сындарлы талқылау, сондай-ақ тиімді тәжірибені тарату, заманауи білімге инновацияларды енгізу және болашақ мамандардың білім деңгейі мен құзыреттерін арттыру өтті. Осы кездесу аясында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#АПҚО_Абай_облысы_ТиППО
#көлік_колледжі

1 курс арасында “Тарих білгірлері” викторинасы

В предверьях предстоящего национального праздника и предметной недели общественных дисциплин в колледже прошла викторина “Знатоки истории” среди 1 курсов, посвященное Дню Республики Казахстан.Цель мероприятия: прививать чувства гордости к своей стране, воспитыаать патриотизм и гражданственность. В викторине приняли участие команды 3 групп 12ЧС, 14ТЭм, 12 ТР. 1 место досталось команде” Спасатели”группы 12ЧС, 2 место – команде “Алаш группы 12 ТР “, 3 место команде “Орда” группы 14ТЭМ. Провела викторину преподаватель общественных дисциплин Ашимжанова Шнара Насирденовна.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#АПҚО_Абай_облысы_ТиППО
#көлік_колледжі #меніңотанымқазақстан

“Менің Отаным- Қазақстан” кітап көрмесі

25- қазан Республика күніне арналған “Менің Отаным- Қазақстан” атты кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру, Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, Отаншылдық құрмет құндылығын дарыту.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#АПҚО_Абай_облысы_ТиППО
#көлік_колледжі #МеніңОтанымҚазақстан

“Патриотизм дауысы” гимнді жаппай орындау акциясы

Республика күні қарсаңында, жаңа жұмыс аптасын колледж қызметкерлері мен студенттері “Патриотизм дауысы” гимнді жаппай орындау акциясымен бастады
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#АПҚО_Абай_облысы_ТиППО
#көлік_колледжі #меніңотанымқазақстан
Видео

«Үздік автомеханик» кәсіби шеберлік конкурсы

18.10.2024 Абай облысы Білім басқармасының КМКҚ «Көлік колледжі» мекемесінде Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Үздік автомеханик» кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Конкурсқа Абай облысынан 6 колледж өкілі қатысты. Жеңімпаздар диплом және сертификаттармен марапатталды.
1-орын: Оспанов Бауыржан Мақсатович – «Политехникалық колледжі» КМҚК
2 – орын: Кушнаренко Сергей Павлович – «Бесқарағай колледжі» КММ
3 – орын: Султанов Арман Жанатұлы – «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» КМҚК
18.10.2024 года в КГКП «Колледж транспорта» управления образования области Абай прошел конкурс профессионального мастерства «Лучший автомеханик» среди преподавателей специальных дисциплин и мастеров производственного обучения организаций технического и профессионального образования области Абай. В конкурсе приняли участие 6 колледжей области Абай. Участники и призеры были награждены дипломами и сертификатами.
1-место: Оспанов Бауыржан Мақсатович – КГКП «Политехнический колледж»
2 – место: Кушнаренко Сергей Павлович – КГУ «Бескарагайский колледж»
3 – место: Султанов Арман Жанатұлы – КГКП «Политехнический колледж города Аягоз»
#көлік_колледжі
#колледж_транспорта