31 Jan, 2020 Жас Қыран Республикалық талантты жастардың жинағы Тұңғыш президент, елбасымыз жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізі мәні деп санайды, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты 2019 жастар жылы деп тағайындалып, жастарға жол ашатын көптеген жобалар өткізілді. Сол жобалардың бірегейі “Бөбек Жалпыұлттық қозғалысының” ұйымдастырылуымен республикамыздың барлық аумағын қамтыған “Үздік студент – 2019” жобасының Жас қыран Республикалық талантты жастардың жинағына 31 ТРК тобының студенті Оразқанов Ерасыл Ерланұлы ғылыми жетекшісі Иманғалиева Гаухар Сайлауқызы бастауымен жеткен жетістігінің арқасында енгізілді. Ерасылға алар асуларын көп болсын дейміз, ал әрептесіміз Гаухар Сайлауқызына тек еңбегінің жемісін көріп, отбасына бақыт, денсаулық тілейміз.