2026 жылдың 20 және 26 наурыз күндері колледждің оқу-тәрбие комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыста аттестация нәтижелері негізінде колледж білім алушыларының сабаққа қатысу деңгейі мен оқу үлгеріміне қатысты маңызды мәселелер жан-жақты қарастырылды. Әсіресе, сабақтарды себепсіз босату фактілері жиі кездесетін және оқу көрсеткіштері төмен білім алушылардың жағдайына ерекше назар аударылды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, жекелеген білім алушылар тарапынан оқу тәртібін сақтамау, жауапкершіліктің жеткіліксіздігі орын алуы байқалады. Бұл жағдай білім сапасының төмендеуіне тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Осыған орай, оқу-тәрбие комиссиясы оқу тәртібін күшейту, сабаққа қатысуды тұрақты бақылау, үлгерімі төмен білім алушылармен жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүргізу, сондай-ақ ата-аналармен тығыз байланыс орнату қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, қосымша сабақтар мен кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру, топ жетекшілерінің жауапкершілігін арттыру мәселелері де басты назарға алынды.