«Көлік колледжі» КМҚК
EuroSkillsBudapest 2018 чемпионатына қатысуы
       EuroSkills чемпионатында 29 елден келген қатысушылар ағаш ұсталығы, бетон құю іскерлігі, шаш үлгілерін жасау және т.б. (барлығы 41 құзырет) бойынша жарысқа түсті. Ресейден келген жас кәсіпқойлар барлық пәндер бойынша қатысты.
Колледжден «Мехатроника» құзыретінде Чемипонатқа қатысушы  -44 ТРм тобының студенті Климков Алексей, жетекшісі Соколов С.Ю.
Бір жағынан алғанда WorldSkills — бұл тек витрина(көрме), ал басқа жағынан қарасақ — осы жүйеде қалған чемпиондар, өздерінің орнын басатындармен тәжірибелерімен бөліседі. Экономика жағынан алғанда қолданбалы болып табылатын тағы бір қыры бар. WorldSkills стандарттар жүйесін құрауда, оны колледждер өз ішінде қолдану үшін енгізе бастады.
Венгриядағы СИМЕНСАУДИ Manufacturing зауытына сапар. Сапар бағдарламасы: · Фабрика– өндірістік үрдістерді қарап көру саяхаты. Оқу орталығына сапар. Машинажасау саласында заманға сай өндіру үшін жұмысшы кадрларды дуальді даярлау, тағлымдамадан өтуді ұйымдастыру, құзыреттерге қойылатын талаптар және т.б.  мәселелерді талқылау.
2018 жылдың 20 – 30 қыркүйек арасында өткен тағлымдамамызды саралай келе біз WorldSkills чемпионатын өткізуді ұйымдастыруда зор тәжірибе жинақтадық, барлық құзыреттер бойынша алаңқайларды ұйымдастыру тәртіптерін білдік,  Венгрияның кәсіптік мектептері, жалпы алғанда ТжКББ жүйесінің жұмыс тәжірибесімен таныстық деген қорытынды шығаруғаболады.
Сонымен қатар, тағлымдама кезінде дуальді оқытуды енгізу тәжірибесін, Венгрияның Құзыреттер орталығының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін үйрендік, Венгриядағы Сауда-өнеркісіп Палатасының рөлін білдік.Оның бас маманы ФеренцЧабамен жеке таныс болу да өз септігін тигізді. Қазіргі уақытта Ынтымақтастық меморандумын жасау туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, ШҚО кәсіпкерлер палатасымен тәжірибе алмасу мақсатында бірлескен іс-әрекеттер жоспары көзделуде, Ференц мырза біздің колледждің 90 жылдығына шақырылды. 
Автомобиль зауытына барғанда баға жетпес тәжірибеге ие болдық, онда автомобильдер мен автомобиль қозғалтқыштарын өндірудің технологиялық үрдісі 85 %  автоматтандырылған және онда қазіргі заманның ең озық мехатрондық жабдықтары мен роботтехника қолданылады екен.