Әдістемелік қызметтің құрылымы педагогтардың кәсіби және педагогикалық шеберлігінің өсу міндеттерін шешуде қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді, әдістемелік жұмыстың мазмұнын педагогикалық проблемалармен және нақты білім беру үдерісінің нәтижелерімен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді. Колледжде 9 пәндік циклдік комиссия. Пәндік-циклдік комиссия жұмысының негізгі бағыттары: колледж мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарымен талап етілетін міндеттерді орындау бойынша жұмыс, Білім беру бағдарламасын оқу-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуді жетілдіру, оқу үрдісінде компьютерлендіру, білім алушыларды практикалық тұрғыда оқытуды жетілдіру, Оқу-жоспарлау құжаттарын дайындау, пәндік және тақырыптық апталар, ашық сабақтар ұйымдастыру және өткізу, түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысу.