Абай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Көлік колледжі» КМҚК директоры
Тулеуов Қаныш Максутович

Тулеуов Қаныш Максутович 1972 жылғы 22 қаңтарда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Сатпаев ауылында дүниеге келген. Білім беру саласында 31 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі басшы, білікті педагог, тарих пәнінің  магистрі.
Еңбек жолын 1989 жылы өндіріс саласында бастаған. Кейін білім беру жүйесіне ауысып, Знаменка орта мектебінде тәрбиеші, педагог-психолог, тарих пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарды.
2006 жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық пәндер мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.
Әр жылдары Семей қаласындағы Көлік колледжі, Индустриалды-технологиялық колледж, Технологиялық колледж және Абай облысы білім басқармасына қарасты  «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да басшылық қызметтер атқарып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, білім сапасын арттыру және басқару жүйесін жетілдіру бағытында нәтижелі еңбек етті.
Білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
2026 жылғы 8 қаңтардан бастап Абай облысы Білім басқармасының «Көлік колледжі» КМҚК директоры болып тағайындалды.
КМҚК “Көлік колледжі” дүйсенбіден жұмаға дейін сағат
8.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.,
сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.
демалыс – Жексенбі.
Жеке және заңды тұлғаларды бір күн ішінде қабылдау.
Директордың міндетін атқарушы  жеке мәселелер бойынша қабылдау сәрсенбі күні
сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін;
  • Адрес:  Семей қаласы, көше: Қайым Мұхамедханов 42
  • E-mail: skt_1929 @mail.ru
  • Сайт: http://skt.kz
  • intagram: kolledje_transporta
  • Директор 8(7222) 52-33-00
  • Директордың қабылдау хатшысы 8(7222) 52-26-74
  • Факс 8(7222) 52-26-74
  • Оқу жұмысы жөніндегі орынбасары  8(7222) 52-28-11
  • Бухгалтерия 8(7222) 52-04-46
  • Кадр бөлімі 8(7222) 56-79-23
  • Колледж психологы  skt_help.29@mail.ru  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *