Қарттарым-асыл қазынам

“Көлік колледжі” КМҚК “8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күні” мерекесі қарсаңында, қарттар үйіндегі ақ жаулықты әжелерді “Қарттарым-асыл қазынам” атты концерттік бағдарламамен құттықтады.
В предверии Международного женского дня 8 марта, КГКП “Колледж транспорта” поздравил людей пожилого возраста в “Доме престарелых” с концертной программой “Прекрасен возраст золотой”
#көлікколледжі
#колледжтранспорта
#жастаркомитеті
Видео

“Серпін” әлеуметтік жобасы

“Серпін” әлеуметтік жобасы еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі. Бүгін Абай атындағы кітапханада осы жобаға орай арнайы жиын өтті. Жиынға Көлік колледжінен 43 Трк тобының студенттері қатысты.
Социальный проект “Серпін” одна из самых популярных проектов в стране. Сегодня в библиотеки имени Абая состоялась специальное собрание, посвященное данному проекту. В мероприятии приняли участие студенты группы 43ТРк.
#көлікколледжі
#колледжтранспорта

 «АЛТЫН ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Семей «Көлік колледжінің» ұжымы «АЛТЫН ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып,  қаладағы №8 балалар үйіне барып, кішкентай сәбилерге, ​ жасөсіпірім жеткіншектерге түрлі ойыншықтар мен тәтті кәмпит, шоколадтар сыйлап, балалар қатты қуанды.
​ ​ ​ ​ «Көлік колледжінің» директоры, «Қазақстан барысы», «Әлем барысы», облыстық мәслихаттың депутаты Айбек Нұғымаровтың арнайы келуі осында тәрбиеленіп жатқан балалар үшін ғажап әрі ерекше жаңалық болды. Айбек Серікболұлы оларға арнап, өзінің игі тілегін жеткізді. Балаларға бақытты өмір, ашық аспан тіледі. №8 балалар үйінің директоры Сержан Окасов, бұл үйде 5 жастан бастап, 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленіп жатқанын айтты. Және алдағы уақытта Айбек Нұғымаровты тағы да бір мәрте шақырып, осындағы спортшы балалар үшін өзінің естеліктерін айтып беруін өтінді. Сый-сыяпаттарға ие болып, көңілді концерт тамашалаған балалар да келген қонақтарға дән риза екендіктерін айтты.
Видео

 

Латын графикасына кезең-кезеңмен енгізу бойынша іс-шаралар

Семей «Көлік колледжі» КМҚК, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен «Латын графикасына кезең-кезеңмен енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыруда. Осыған орай колледждің үшінші курс,31 ЭАк тобының студенттері Ілияс Адылқанов, Кербез Алқанова, Мәди Әнкебаев, Дарын Болатханов, Ербол Жұмағазин, Сәнібек Жүрсінбеков, Айым Қадылбекова, Нұртөре Рахымбаев, Санжар Сакариев және тағы басқалары Абайдың бірінші және жетінші қара сөздерін латын қарпімен көшіріп жазып, дайындықтарын ширатты. Абайдың қара сөздерінде жастардың білімге ұмтылуы туралы, жақсы мінез бен тәрбие алулары жайлы айтылған.
КГКП «Колледж транспорта» города Семей по представлению Министерства образования и науки РК реализует план мероприятий по поэтапному внедрению Латинской графики. В этой связи студенты третьего курса колледжа, группы 31 ЭАк Илияс Адылканов, Кербез Алканова, Мади Анкебаев, Дарын Болатханов, Нурбол Жумагазин, Санибек Журсинбеков, Айым Кадылбекова, Нурторе Рахимбаев, Санжар Сакариев и многие другие написали первую и седьмую Слова назидания Абая на латинице. В словах назидания Абая говорится о стремлении молодежи к знаниям, о хорошем поведении и воспитании.

Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері

2.01.2022 колледж жатақханасында “Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа қатысқандар: Директордың ТІЖ орынбасары Аубакирова А.М.,орталык полиция бөлімінің капитаны Нурмагамбетова Н.К жане Кожатаев Е.Б., колледж психологі Жуасбек Ж.С.,әлеуметтік оқытушы Джумабекова Ш.Ж., жатақхана тарбиешісі Смагулова Г.Б.мен жатақханада тұратын студенттер.
О2.02.2022 года в общежитии колледжа было проведено собрание на тему:
“Профилактика правонарушений и правила поведения в общественном месте”
На собрании присутствовали: заместитель директора по ВР Аубакирова А.М., капитан полиции УИП ГЮП ОМПС ЦОП Нурмаганбетова Н.К. и капитан полиции УИП ОМПС Центрального ОП УП г.Семей ДП ВКО Кожатаев Е.Б., психолог Жуасбек Ж.С., соц.педагог Джумабекова Ш.Ж. и студенты проживающие в общежитии
#көлікколледжі
#колледжтранспорта

Капитанмен дәріс

27.12.2021ж. Көлік колледжі студенттері арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ОПБ кәмелетке толмағандар істер жөніндегі капитаны Нурмаганбетова Н.К., ОПБ полиция подполковнигі Десюпов Ж.Ш., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аубакирова А.М., әлеуметтік педагог Джумабаева Ш.Ж., колледж психологі Жуасбек Ж.С. қатысуымен дәріс өткізілді.
27.12.2021. Среди студентов колледжа транспорта в целях профилактики правонарушений была проведена лекция с участием капитана по делам несовершеннолетних ОПБ Нурмаганбетовой Н.К., подполковником милиции Десюповым Ж.Ш., заместителем директора по воспитательной работе Аубакировой А.М., социальным педагогом Джумабаевой Ш.Ж.,психологом колледжа Жуасбек Ж.С.
#көлікколледжі #колледжтранспорта

“Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті”

24.12.2021 жылы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті” республикалық конкурсының облыс бойынша қатысушыларын марапаттау салтанаты өтті.
24.12.2021 г. В педагогическом колледже им. М.О. Ауэзова прошла церемония награждения участников республиканского конкурса «100 лучших студентов колледжей Республики Казахстан»
#көлікколледжі #колледжтранспорта

Жыл жеңімпаздары

23.12.2021 Көлік колледжінде жыл үздіктерін, белсенді студенттерді марапаттау мақсатында “Жыл жеңімпаздары” атты мерекелік іс-шара өтті.
23.12.2021г в колледже транспорта прошло праздничное мероприятие “Жыл жеңімпаздары” с целью награждения лучших, активных студентов года
#көлікколледжі
#колледжтранспорта
#көлікколледжіалға

“ТОП 100 үздік студенттер”

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдық мерейтойы қарсаңында “ТОП 100 үздік студенттер” қатарына кірген, колледж студенті Мұратов Ризат марапатталды.
Накануне 30-летия Независимости Республики Казахстан награжден студент колледжа Муратов Ризат, вошедший в «ТОП 100 студентов колледжей».
#QAZAQSTAN30JYL
#qazaqstan30
#көлікколледжі
#колледжтранспорта