Студенттер қатарына қабылдау

24.11.2023 жылы, 2023-2024оқу жылына қабылданған топтарды студенттер қатарына қабылдау “Қызықты көңіл, студенттік өмір” тақырыбында мерекелік іс-шара атап өтілді. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Аубакирова А.М., Молдагалиева М.Т ., жаңадан қабылданған студенттерді құттықтап, 2023-2024 оқу жылының “ТеряевТОБЫ” атанған 24ТЭМК тобына және колледждің тұңғыш директоры А.Б.Байсейтовтің құрметіне белгіленген шәкірт ақының стпендиянты атанған колледждің “Үздік студенті” Тілеков Санжарға алғыс хат табыстады.
24 ноября 2023года прошло меропрятие “Посвящение в студенты-2023” Зам директора по учебно-воспитательной работе Аубакирова А.М., Молдагалиева М.Т., поздравили студентов нового набора и вручили грамоты в номинации: «Лучший студент года и степендиант» А.Б.Байсейтова – Тлеков Санжар. «Теряевская группа- 2023-2024 » – 24 ТЭМК.
#біртұтас_тәрбие #көлікколледжі #абайбілімбасқармасы #студенттікпарламент
Видео

ТжКБ студенттері арасындағы үстел тенисінен облыстық жарыс

Абай облысы бб “Облыстық Иновацилық әдістемілік орталығы’’ КММ ұйымдастырумен Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, студенттері арасында үстел тенисінен 2023 жылдың 16-17 қараша аралығында Семей қаласы Көлік колледжінде жарыс өткізілді. Жарыстын бас төрешісі Көлік колледжінің дене-шынықтыру пәнінің оқытушысы : Дюсембаев Жәнібек Бердібекович
#біртұтас_тәрбие #көлік_колледжі #абайбілімбасқармасы
Видео

“АСЫҚ-АТУ” ЧЕЛЛЕНДЖІ

17.11.2023 ж. Білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау, және ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында “АСЫҚ-АТУ” ЧЕЛЛЕНДЖІ ұйымдастырылды.
#біртұтас_тәрбие
#тоғызайғатоғызісшара
#асықату
#мояродинаказахстан
#моястран

Педагогтар арасында WorldSkills International республикалық байқауы

2023 жылдың 4 қараша мен 10 қараша аралығында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында көлік және коммуникация саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық конкурс өткізіледі. Қатысушылар: Республиканың 17 облысынан (қалалар: Астана, Алматы, Шымкент, облыстар: Абай, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Ұлытау, Қостанай облысы) мұғалімдер мен сарапшылар. Барлық балдарды қорытындылау қорытындысы бойынша педагогтер арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы атанды:
Болат Кирилл Сергеевич Қостанай автомобиль көлігі колледжінің оқытушысы Қостанай облысы.
Екінші орынды Ақмола облысының өкілі Дрезов Мұхаммед-Әли Геланиевич иеленді.
Байқау қорытындысы бойынша төрт оқытушы Алченбаев Ертай Хабдулұлы Абай облысының оқытушысы, Жамбыл облысынан келген Мәкім Олжас Мәкіркімұлы, Билдебаев Талғат Нұрғожайұлы Алматы облысының оқытушысы және Балтабеков Нұрбек Болатұлы Павлодар облысының оқытушысы үшінші орынға ие болды. Республикалық байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен және естелік кәдесыйлармен марапатталды.
В период с 04 по 10 ноября 2023 года участники-педагоги из 17 регионов республики (города: Астана, Алматы, Шымкент, области: Абайская, Акмолинская,Алматинская, Жамбылская, Карагандинская, Актюбинская, Павлодарская, Западно-Казахстанаская, Северо-Казахстанской, Атырауская; Туркестанская, Мангистауская, Улытауская, Костанайская) По итогам суммирования всех балов победителем республиканского конкурса профессионального мастерства среди педагогов стал:
Булат Кирил Сергеевич преподаватель Костанайского колледжа автомобильного транспорта Костанайская область.
Второе место занял представитель Акмолинской области Дрезов Мухаммед-Али Геланиевич.
По результатам конкурса четыре преподавателя заняли третье место Алченбаев Ертай Хабдулович преподаватель Абайской область, Мәркім Олжас Мәркімұлы из Жамбылской области, Бильдебаев Талгат Нургожаевич их Алматинской области и Балтабеков Нурбек Булатович преподаватель Павлодарской области. Все участники республиканского конкурса награждены сертификатами и памятными сувенирами.
#көлік_колледжі #world_skills

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» аясында «Ұлттық тәрбие – ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы облыстық диалогтік алаң форматындағы дөңгелек үстел

«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ қолдауымен КМҚК «Көлік колледжі» директордың ТІЖ орынбасары Аубакирова Асия Муратхановнаның ұймдастыруымен Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында, әр колледждің ата-аналар қаумдастығының өкілдері мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» аясында «Ұлттық тәрбие – ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы облыстық диалогтік алаң форматындағы дөңгелек үстел өткізілді. Арнайы шақырылған мамандарымыз бен қонақтарымыз отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі ол біздің басты парызымыз екендігін ерекше атап, өтіп ата-аналарымызға бағыт-бағдар берілді.
1.Абай облысы қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы – Соғымбай Олжас Амангелдіұлы
2.Абай облысының кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Касымова Карлыгаш Ахтановна
3.Семейдегі «Аналар үйі» ҚҚ ресурстық орталығының өңірлік маманы Нуртазина Айнагуль Галимбековна
4.Абай облысы ДСБ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК Сулейменова Айсулу Нурлановна
5.«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Көлік колледжі» КМҚК-нің ата-ана қауымдастығының өкілі Актаева Жадыра Туяковна
6.«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Абдухамитов Айдар Абдихатович
7.Шарапатова Айгуль Шарапатовна -Абай облысы ДСБ “Облыстық психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ КМК емдеу ісі бойынша директор орынбасарының м.а.
8.Жамбырбаева Айнагуль Уазыркановна- помощник уполномоченного по правам ребенка области Абай, представитель ОО “Қазақ тілі”
9.Корабаева Бисулу Кудайбергеновна-УИП ГЮП ОМПС Центрального ОП г.Семей майор полиций
10.Өрлеубек Ерсінбек – Семей қаласы жастар ресурстық орталығы директоры 11.Төлеуханов Айдос Абылгазыұлы – Абай жастары жастар ресурстық орталығының директоры
#біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
Видео

“Алтын күз -әсем айналам” атты күзгі бал

“Бір тұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Талап” құндылықтарын насихаттау мақсатында КМҚК “Көлік колледжі” жатақханасында “Алтын күз -әсем айналам” атты күзгі бал кеші өтті. Кеш сайыс ретінде өтіп, қатысқан студенттер өз өнерлері мен шығармашылықтарын ортаға салып, жүлделі орындарға ие болды. #біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
Видео

«Әскери-техникалық» мектеп

06.11.2023 жылы Көлік колледжінің АӘжәнеТД пәнінің оқытушылары М. Жумашулы мен А.К. Канапьянов 12 ТМ, 11ЭВП, 11ДМк топтарының студенттерімен Семей қаласындағы «Әскери-техникалық» мектеппен танысуға барды. Онда студенттер Сарбаздардың әскери борышын өтеп жатқан жерлерімен және тактика сабақтарының өтілу барысымен танысты. Әскери оқытушылар студенттерге автоматты бөлшектеп бұзу мен жинаудың тәсілдерін және мылтықтан ату техникаларын көрсетті. Сонымен қатар алғашқы медициналық көмектің қалай жасалу жолдарын манекенде көрсетті. Біздің студенттерде көрсеткен әдіс-тәсілдерді өздері жасап көріп қызығушылық танытты. Студенттер әскери-техниклық мектептен жақсы әсер алды.
#көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta

“Дильмар” дебат клубы

«Дiлмар» дебат клубының ұйымдастыруымен 25 – қазан Республика күнiне байланысты 11 ТМ-к және 12 ТЭМ-к топтары арасында «Егемендік – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өткiзiлдi. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау.
#біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta

«Автокөлікшілер күні»

27.10.2023 Абай облысы Білім басқармасының КМКҚ «Көлік колледжі» мекемесінде «Автокөлікшілер күні» мерекесіне арналған Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Қозғалтқышты басқарудың электрондық жүйелерінің диагностикасы» кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Конкурсқа Абай облысынан 7 колледж өкілі қатысты. Жеңімпаздар диплом және сертификаттармен марапатталды.
27.10.2023 года в КГКП «Колледж транспорта» управления образования области Абай прошел конкурс профессионального мастерства «Диагност электронных систем управления двигателем» среди преподавателей специальных дисциплин и мастеров производственного обучения организаций технического и профессионального образования области Абай, посвященный празднику «День автомобилиста». В конкурсе приняли участие 7 колледжей области Абай. Участники и призеры были награждены дипломами и сертификатами.
#көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta #автокөлікшілер_күні #день_автомобилиста
Видео