Колледжінің 95 жылдық мерейтойына арналған Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен колледж түлектері арасындағы спорттық жарыстар

2024 жылдың 30 мамырында АӘжәнеТД және ДШ циклдік комиссияның ұйымдастыруымен Көлік колледжінің 95 жылдық мерейтойына арналған
Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен колледж түлектері арасында күштік гимнастика (гір тасын көтеру) және волейбол спорттық турнирдің ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатынан кейін гір тасын көтеру жарысының бас төрешісі Жумашулы Максутхан жарысты ұйымдастырды.
Күштік гимнастика (гір тасын көтеру) 70 келіге дейінгі саламақтағы колледж түлектері:
Дюсюпов Руслан
Кайрханов Дархан
Алпысбаев Рустам
Күштік гимнастика (гір тасын көтеру) 70 келіден жоғарғы салмақтағы колледж түлектері:
Байбусинов Талғат
Қабидоллаев Данияр
Абдраимов Қайрат
Истемисов Дамир
Бакенов Бекжан
қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 70 келдіге дейінгі салмақта
I – орын Алпысбаев Рустам,
II – орын Каирханов Дархан,
III – орын- Дюсюпов Руслан жеңіске жетті. Ал, 70 келіден жоғары салмақта
I – орын Кабидоллаев Данияр,
II – Бакенов Бекжан,
III – орын Байбусинов Талғат жеңіп алды. Жеңімпаз колледж түлектерін құттықтаймыз!
Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен колледж студенттері арасында волейбол жарысы қортындысы бойынша:
І – орын Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі.
ІІ – орын Семей көпсалалы колледжі.
ІІІ – орын Ж.Шайжүнісов атындағы колледжі.
Бас төреші: Каирбеков Айбек Ахметуалиевич.
Видео
#көлік_колледжі
#колледж_транспорта

«МӘҢГІЛІК АЛАУ-МӘҢГІЛІК ЕСТЕЛІК»

2024 жылы 6 – мамырда “Көлік колледжі” КМҚК -да дәстүрге айналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, Көлік колледжі КМҚК 95-жылдық мерей тойы қарсаңында 7- мамыр – «Отан қорғаушылар» күніне және 9- мамыр «Ұлы Жеңіс» күніне орай ұйымдастырылған «Дене шынықтыру және АӘжәнеТД» пәнінің оқытушысы Максутхан Жумашулының озық тәжірибесімен бөлісу «МӘҢГІЛІК АЛАУ-МӘҢГІЛІК ЕСТЕЛІК» атты мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою облыстық шеберлік сағаты өткізілді.
6 мая 2024 года на основе единой воспитательной программы, ставшей традицией в КГКП “колледж транспорта”, в преддверии празднования 95 – летия КГКП «колледж транспорта» прошел семинар с передовым опытом преподавателя дисциплины «Физическая культура и АСП и др.» Максутхана Жумашулы, организованный в честь 7 мая-Дня защитника Отечества и 9 мая-Дня Великой Победы обмен состоялся областной мастер-класс по возложению цветов к Вечному огню «Вечный огонь-вечная память».
Видео
#көлік_колледжі
#тәрбие_жұмысы
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы
#cаптажүріпәнайту
#bilimim_otanyma

“Cапта жүріп ән айту” байқауы

03.05.2024ж. Көлік колледжінде Отан қорғаушылар күніне арналған, “Cапта жүріп ән айту” байқауы I-ші курс студенттері арасында өткізілді.
1-орын 12ТЭМ
2-орын 11ЭАк
3-орын 11ДМк топтары иеленді.
03.05.2024г. в Колледже транспорта проводилось соревнование “ Строевой ходьбы и песни” среди студентов I-курсов ко Дню защитника Отечества.
1 место – группа 12 ТЭМ
2 место – группа 11 ЭАк
3 место – группа 11 ДМк
#көлік_колледжі
#тәрбие_жұмысы
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы
#cаптажүріпәнайту
#bilimim_otanyma

Кәсіби-шеберлік чемпионаты

Наурыз айының 11-12 күндері ҚМҚК “Көлік колледжі” Құзыреттілік орталығында колледжішілік кәсіби-шеберлік чемпионаты өтті. Жеңімпаздар колледжіміздің намысын WorldSkills Abai 2024 облыстық чемпионатында қорғайды.
11-12 марта в Центре компетенций КГКП “Колледж транспорта” прошел отборочный конкурс профессионального мастерства среди студентов колледжа. Победители будут защищать честь колледжа на областном чемпионате WorldSkills Abai-2024.
#көлік_колледжі #worldskills

“Ана – өмірдің гүлі” атты іс – шара

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “ар-ұят”,”талап” бағыттары бойынша “Көлік колледжі” жатақханасында тұратын студенттер арасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай “Ана – өмірдің гүлі” атты іс – шара өткізілді.
#көлік_колледжі #8наурыз #біртұтас_тәрбие #абайбілімбасқармасы
Видео

«Асыл анам – ғасыр әжем!»

8 наурыз қарсаңында Көлік колледжінде студенттер арасында «Асыл анам – ғасыр әжем!» атты керемет мейірімді челленджді өтті. Халықаралық әйелдер күні – бұл әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын 8 наурызда өтетін жарқын көктем мерекесі. Дәстүр бойынша, бұл күні барлық әйелдерді құттықтайды, олардың күнін жағымды эмоциялармен және жарқын әсерлермен толтыруға тырысады. Челлендждің негізгі мақсаты – әйелдерге деген сүйіспеншілік пен ризашылық сезімін көрсету, анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, мейірімділік пен нәзіктік сезімін көрсету және адамзаттың әдемі жартысы үшін мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.
В преддверии 8 Марта в колледже транспорта прошел невероятно добрый и милый челлендж «Асыл анам – ғасыр әжем!». Международный женский день — это светлый весенний праздник, который ежегодно справляется 8 Марта во многих странах мира. Традиционно в этот день поздравляют всех женщин, стараясь наполнить их день приятными эмоциями и яркими впечатлениями. Основная цель челленджа – продемонстрировать любовь и чувство благодарности к женщинам, воспитание любви к матери, бабушке, проявление чувства доброты и нежности, а также создание праздничного настроения для прекрасной половины человечества. #көлік_колледжі
#8наурыз #біртұтас_тәрбие #абайбілімбасқармасы
Видео

«Жыл жеңімпаздары 2023» «Жаңа жыл 2024»

Жыл бойы жетістікке жетіп, колледж мәртебесін үстем етіп, мерейін көтерген студенттерімізді марапаттау мақсатында, 22.12.2023ж. Қалалық мәдениет сарайында “Көлік колледжі” КМҚК “Жыл жеңімпаздары 2023” атты мерекелік жаңа жылды қорытындылау іс-шарасы ұйымдастырылып, арты көңілді би кешімен жалғасты. Кеш барысында колледждің үздік студеттері, колледж белсенділері, Worlds kills кәсіби шеберлік сайысының қатысушылары мен спортта жетістікке жеткен студенттер колледж директоры Нугымаров А.С. алғыс хатымен марапатталды.
22.12.2023 в целях награждения лучших студентов, добившихся успехов в течение года, повысивших статус колледжа в городском дворце культуры было организовано праздничное новогоднее мероприятие «Жыл жеңімпаздары 2023» . В ходе вечера лучшие студенты колледжа, активисты колледжа, участники соревнований профессионального мастерства WorldSKills и студенты добившиеся успехов в спорте были награждены благодарственными письмами директора колледжа А.С.Нугымарова, а после последовал весёлый танцевальный вечер.
#Біртұтастәрбие #Студенттікпарламент #көлікколледжі #жылжеңімпаздары2023
ВИДЕО

Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында танымдық іс-шарасы

Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында танымдық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс –шара колледж директоры А.С.Нугымаровтың құттықтау сөзінен басталды, 41 ЭАк тобының студенттері «Желтоқсан желі» қойылымын қойып, Қайрат Рұсқұлбековтың бейнесін жоғары дәрежеде көрсете алды. 1-4 курс студенттері патриоттық өлеңдерді оқып, тамаша әндер орындап өз өнерлерін көрсете білді.
#көлік_колледжі #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #16желтоқсанҚазақстанРеспубилкасыныңТәуелсіздіккүні
ВИДЕО

Облыстық әскери-қолданбалы спорттық жарыс

2023 жылы 13 желтоқсанда “Көлік колледжі” КМҚК-да Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында “ЖАС САРБАЗ” бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Көлік колледжінің құрылғанына 95 жылдық мерейтойына арналған облыстық әскери-қолданбалы спорттық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты: “Жас сарбаз” бағдарламасын орындау; Салауатты өмір салтын насихаттау; Спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру; Әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау. Жарыс 1.Пневматикалық мылтықтан ашық көздеуішпен ату; 2.Биік кермеге тартылу спорт түрлерінен өткізілді. Әр спорт түрлеріне 1 қатысушыдан қатысты. Жарысқа Абай облысының 14 колледжі қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1 орын- “Көлік колледжі” КМҚК, 2- орын “Электртехникалық колледжі” КМҚК, 3 – орын “Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі” ШЖҚ КМК иеленді.
#көлікколледжі #колледжтранспорта #kolledj_transporta
Видео