9 Dec, 2022 Кіріктірілген облыстық ашық сабақ 14 ТЭМк тобында З.Ф Суртаева мен А.Н. Шотанованың ұйымдастыруымен 8 желтоқсан күні «Абай мен Пушкиннің үйлесімділігі. Жалқы зат есім» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен кіріктірілген облыстық ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: студенттердің қазақтың дара ақына – Абай және орыстың ірі тұлғасы – А.С. Пушкин туралы білімдерін жинақтап, толықтыру болды. Сабақ барысында топпен, жұппен, жеке жұмыс ұйымдастырылып, қалыптастырушы бағалау жүрді. 8 декабря 2022 года в группе 14 ТЭМк, прошел интегрированный областной открытый урок по предметам «Русский язык и литература, казахский язык и литература» преподавателями З.Ф. Суртаевой и А.Н. Шотановой по, на тему «Абай и Пушкин –созвучие двух сердец. Собственные имена существительные». Цель урока: обобщить и пополнить знания студентов о казахском поэте – Абае и крупнейшей русской личности А.С. Пушкине. В ходе занятия была организована работа в группах, парно, индивидуально, сопровождалось формирующем оцениванием. #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
24 Nov, 2022 “Қазақстан су жолдары” РМҚК өндірістік шеберханаларында сабақ 2022 жылғы 22 қарашада “Көлік колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Иманбаев Арслан Шидербекович “Кеме жөндеуді ұйымдастыру және технологиясы” пәні бойынша “Кеме дизельдерінің отын аппаратурасын жөндеу” тақырыбында 21 СМ тобында өндірісте сабақ өткізді. Сабақ жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен Өндірісте құрылған оқу кабинетінде өткізілді, оның ішінде: Зацепин Н. В. – өндіріс жөніндегі директордың орынбасары, Сердюк В. В. – “Қазақстан су жолдары”РМҚК механика-кеме қызметінің бастығы. Студенттер кәсіпорынның шеберханаларында кеме қозғалтқыштарының тораптары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу үшін қолданылатын жабдықтармен үлкен қызығушылықпен танысты. 22 ноября 2022 г. преподавателем специальных дисциплин КГКП «Колледжа транспорта» Иманбаевым Арсланом Шидербековичем был проведен урок на производстве в группе 21 СМ по предмету «Организация и технология судоремонта» на тему: «Ремонт топливной аппаратуры судовых дизелей». Урок проводился в созданном учебном кабинете на производстве с непосредственным участием работодателей, в числе которых были задействованы: Зацепин Н. В. – Заместитель директора по производству, Сердюк В.В. – начальник механико-судовой службы РГКП «Қазақстан су жолдары». Студенты с большим интересом знакомились с оборудованием, которое используется в мастерских предприятия для обслуживания и ремонта узлов и механизмов судовых двигателей. #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta #Балаларжылы #Годдетей #өзін_өзібасқару #студенттікпарламент #студенческийпарламент #abaioblysy
21 Nov, 2022 Сабақ-өндірістегі экскурсия “Көлік колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Валерий Анатольевич Соколов өндірісте экскурсия-сабақ өткізді. Танысу практикасын өткізу барысында 21 СВ және 21 ЭВП топтарында “Семей кеме жөндеу – кеме жасау зауыты” ЖШС-не “Кәсіпорындардың кеме көтергіш құрылыстарымен танысу” тақырыбында экскурсия жоспарланған болатын. Сабақтың мақсаты білім алушыларды таңдалған кәсіптің негізгі мазмұнымен, су көлігінің базалық кәсіпорындарымен, кеме көтергіш құрылыстардың негізгі түрлері мен сипаттамаларымен таныстыру болды. Сабақ-экскурсия жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен өткізілді, оның ішінде: Ахмедзянов Амир Ринатович – “Семей кеме жөндеу-кеме жасау зауыты” ЖШС директоры, Гордиенко Иван Михайлович – “ССРЗ” ЖШС техникалық бақылау бөлімінің қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері, “ССРЗ” ЖШС конструкторлық-техникалық бөлімінің бастығы. Сондай-ақ, сабаққа колледж оқытушылары М. Э. Страшкова мен С. М. Кудеринов қатысты. Преподавателем специальных дисциплин КГКП «Колледжа транспорта» Соколовым Валерием Анатольевичем был проведен урок-экскурсия на производстве. В ходе проведения ознакомительной практики в группах 21 СВ и 21 ЭВП была запланирована экскурсия на ТОО «Семейский судоремонтно- судостроительный завод» на тему: «Ознакомление с судоподъемными сооружениями предприятий». Целью урока было ознакомить обучающихся с основным содержанием избранной профессии, с базовыми предприятиями водного транспорта, с основными типами и характеристиками судоподъёмных сооружений. Урок-экскурсия на производстве проводился с непосредственным участием работодателей, в числе которых были задействованы: Ахмедзянов Амир Ринатович – директор ТОО «Семейский судоремонтно-судостроительный завод», Гордиенко Иван Михайлович – инженер по технике безопасности отдела технического контроля ТОО «ССРЗ», начальник конструкторско-технического отдела ТОО «ССРЗ». Также на уроке присутствовали преподаватели колледжа Страшкова М.Э. и Кудеринов С.М. #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta #Балаларжылы #Годдетей #өзін_өзібасқару #студенттікпарламент #студенческийпарламент #abaioblysy
31 Oct, 2022 «Жас зерттеушілердің шығармашылығы — бәсекеге қабілетті мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесі» облыстық конференциясының жеке қатысушылары 2022 жылғы 28 қазанда «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК — да Альмуханов Марал Альбековичті еске алуға арналған «Жас зерттеушілердің шығармашылығы — бәсекеге қабілетті мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесі» атты VI студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға біздің колледждің 4 студенті қатысты. 1. Еділ Ернұр – «Айқын тақырып» номинациясы (ғылыми жетекшісі Шотанова А.Н.) 2. Бағдат Дәулет – «Ерекше танылған еңбек» номинациясы (ғылыми жетекшісі Б.Е. Аймуханбетов) 3. Болатов Мансур – қатысушы сертификаты (ғылыми жетекшісі Молдажанова Г.С.) 4. Құдайберген Расул – қатысушы сертификаты (ғылыми жетекшісі Молдажанова Г.С.) 28 октября 2022 года в КГКП «Геологоразведочный колледж» проходила VI студенческая научно — практическая конференция «Творчество молодых исследователей — вклад в формирование конкурентоспособного государства», посвященная памяти Альмуханова Марала Альбековича. В конференции приняли участие 4 студентов нашего колледжа. 1. Едил Ернур – номинация «Айқын тақырып» (научный руководитель Шотанова А.Н.) 2. Багдат Даулет – номинация «Ерекше танылған еңбек» (научный руководитель Аймуханбетов Б.Е.) 3. Болатов Мансур – сертификат участника (научный руководитель Молдажанова Г.С.) 4. Құдайберген Расул – сертификат участника (научный руководитель Молдажанова Г.С.) #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
31 Oct, 2022 “Үздік автомеханик” 1 облыстық байқау 2022 жылғы 28 қазанында “Көлік колледжі” КМҚК «Құзыреттілік орталығында» қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін “Автомобилист күні” мерекесі қарсаңында 1 облыстық байқауы өтті. Бұл байқауға Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру колледждері қатысты. Жүлделі орындар мақтау қағазымен және алғыс хаттармен марапатталды. 28 октября 2022 года в Центре компетенций КГКП «Колледж транспорта» прошел 1 областной конкурс в преддверии праздника «День автомобилиста», который отмечается в последнее воскресенье октября. В данном конкурсе приняли участие колледжи технического и профессионального образования области Абай. Призовые места были отмечены грамотами и благодарственными письмами. #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
28 Oct, 2022 “Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және технологиясы” пәні бойынша ашық сабақ 27 қазанда КМҚК “Көлік колледжі ” оқытушысы Сагандыкова Е.С. 42 ЭАк тобында «Жолаушылар тасымалының ұйымдастырылуы және технологиясы» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Жолаушылар көлігінің қозғалыс бағыттары». CLIL технологиясы және арнайы пәндерді оқытудың ақпараттық технологияларын зерттеу және қолдану технологиялары бойынша өтті. 27 октября в КГКП «Колледж транспорта» преподаватель провела открытый урок по дисциплине «Организация и технология пассажирских перевозок» в группе 42 ЭАк. Тема урока «Направления движения пассажирского транспорта». Урок проходил по технологии «CLIL» и «Изучение и применение информационных технологий обучения в преподавании специальных дисциплин» #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
28 Oct, 2022 “Қазақстан тарихы” және “Орыс тілі” пәндері бойынша облыстық ашық сабақ 26 қазанда КМҚК “Көлік колледжі ” оқытушылары Г.Р. Шарафудинова және Б. Р. Мамонова 12ТЭМ тобында “Қазақстан тарихы” және ” орыс тілі ” пәндері бойынша интеграцияланған облыстық ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы ” Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы. Бағыныңқы сөйлемдердегі тыныс белгілері”. Сабақта АҚТ, сондай-ақ оқытудың әртүрлі әдістері қолданылды. 26 октября в КГКП «Колледж транспорта» преподаватели Шарафудинова Г.Р. и Мамонова Б.Р. провели интегрированный областной открытый урок по предметам «История Казахстана» и «Русский язык» в группе 12 ТЭМ. Тема урока ” Литературное и музыкальное наследие казахского народа. Знаки препинания в сложноподчиненных предложениях с придаточной определительной”. На уроке применялись мобильные технологии и различные методы обучения. #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
19 Oct, 2022 Мұражайға бару Музей – әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Әсіресе, қазіргі заманғы жастардың қызығушылығын ояту үшін және тілі мен дінін, тарихы мен мәдениетін насихаттау мақсатында, қоғамдық пәндер оқытушысы Ораз Айдын Әмірбекұлы мен 43ЭА тобының студенттері 2022 жылдың қазан айының 18-і күні Семей қаласының Невзоровтар отбасы атындағы музейіне жаңа қойылған картиналар көрмесіне саяхаттап қайтты. Мұражайларға бару «Мәдениеттану» пәнінің жұмыс жоспары бойынша жоспарланған. Музейде қойылған әрбір суреттің өзіне ғана тән ерекшеліктері мен құпиялары бар. Бірінен-бірі өткен қайталанбайтын өте керемет туындылар біздің жүрегімізден орын алды. Сондықтан қазіргі жастарды осындай құнды тарихы мол, мәдениетке, өнерпаздыққа шығармашылыққа, білімге, қызыққа толы орта музейлерге жиі барып тұруға шақырамыз. Музей-это ценность, отражающая историю, традиции, культуру каждой страны. Специально для того, чтобы вызвать интерес у современной молодежи и пропагандировать язык, религию, историю и культуру, преподаватель общественных дисциплин Ораз Айдын Амирбекович и студенты группы 43ЭА 18 октября 2022 года посетили выставку новых картин представленных в музее семьи Невзоровых г.Семей. Посещение музеев запланировано по рабочему плану предмета «Культурология». Каждая картина, представленная в музее, имеет свои особенности и секреты. Очень замечательные произведения, которые не повторялись один за другим, заняли свое место в наших сердцах. Поэтому мы призываем современную молодежь регулярно посещать музеи с такой ценной историей, культурой, творчеством, знаниями, интересами.
18 Oct, 2022 «Сабақты қалай қызықты өткізу керек!» атты мастер-класс 17 октября 2022 года согласно плана ФПЗиМ под руководством методиста колледжа Куандыковой А.Б. педагог-психолог Жуасбек Ж.С. и преподаватели Дюсупова М.Т. и Зарипова А.Б. провели мастер-класс для преподавателей колледжа «Как провести занятие интересно!». Мастер-класс направлен на повышение учебной мотивации и применение элементов технологий для повышения интереса к учебному процессу. 2022 жылғы 17 қазанда ПБмШФ жоспарына сәйкес колледж әдіскері А.Б. Куандыкованың жетекшілігімен педагог-психолог Ж.С. Жуасбек және оқытушылар М.Т. Дюсупова және А.Б. Зарипова колледж оқытушыларына «Сабақты қалай қызықты өткізу керек!» атты мастер-класс өткізді. Мастер-класс оқу мотивациясын арттыруға және оқу процесіне қызығушылықты арттыру үшін технология элементтерін қолдануға бағытталған.
17 Oct, 2022 Жалпықазақстандық ашық диктант “Қыран елім – Қазақстаным” “Қыран елім-Қазақстан” осындай атаумен Семей қаласының Көлік колледжінде Республика күніне орай жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Молдагалиева М.Т. диктант өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарына құрметпен қарау, ұлттық бірлікті қалыптастыру және қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм сезімін тәрбиелеу және табиғатқа ұқыпты қарау екенін атап өтті. Бұл акцияға колледжіміздің 211 орыс тілінде және қазақ тілінде білім алатын бірінші курс студенттері қатысты. «Біз 17 қазан күні жалпықазақстандық Республика күніне арналған “Қыран елім-Қазақстаным” атты жазба жұмысын жаздық. Менің ойымша осындай жазба жұмыстарын жүргізген студенттерге жақсы жағынан әсер етеді деген ойдамын. Себебі бұл болашақ ұрпақтын Отанына деген сүйіспеншілігін, махаббатын оятады, патриоттық сезімін қалыптастырады» – деді 12 ЭАк тобының студенті Әшім Мейіржан. «Осы бір қасиетті ұғымның біздің халқымыз үшін мағынасы – өте терең. Еліміздің Отан болып қалыптасуында халқымыздың даналығы, қайтпас қайсарлығы дегендей біз қазаңңың 17 күні “Қыран елім-Қазақстаным” деген жазба жұмысын жаздық. Осы жазба жұмысында Қазақстан жері жайлы жазған болатынбыз. Қазақстанның өсіп-өнуі, дамуы мен көркейуі өзіміздің қолымызда» – деп 12 ЭАк тобының студенті Қайдарова Ақниет ой бөлісті. Бұл акция ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақстандықтардың белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарының көрінісі ретінде қарастырылады. Диктант мәтінінде Қазақстан, табиғат сұлулығы, бірлік пен келісімде өмір сүретін халықтар достығы туралы айтылады. Мұндай іс-шаралар колледж оқушыларын мемлекетіміздің құндылықтары мен қағидаттарына құрметпен қарауға тәрбиелейді, ұлттық бірлікті қалыптастыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді. Бұл акция біздің оқушыларымыздың патриоттық рухын тәрбиелеуде үлкен маңызға ие екені сөзсіз.