World Skills Kazakhstan 2021 өтті

Көлік колледжінде 18.11-22.11.2021 жылы  World Skills Kazakhstan 2021
 “Жүктерді экспедициялау” құзыреті бойынша VI Ұлттық чемпионат өтті.
Чемпионатқа қатысушылар:
1.Зәкенова Әсем Шылымқызы  ЖШС “М.Тынышпаев атындағы Қазақ академиясының көлік және
коммуникация колледжі” Ақтау қаласы.
2.Шайхутдинова Алина Динаровна КМҚК “Қостанай автомобиль көлігі колледжі” Қостанай қаласы
3.Андрей Сергеевич Пинзур КМҚК
“Көлік колледжі” Семей қаласы.
 
В Колледже транспорта с 18.11-22.11.2021 года был проведен VI Национальный чемпионат WorldSkills Kazakhstan 2021 по компетенции “Экспедирование грузов”.
Участники чемпионата:
1.Зәкенова Әсем Шылымқызы
ТОО «Актауский транспортный колледж Казахской академии транспорта и
коммуникаций имени М.Тынышпаева» г.Актау.
2.Шайхутдинова Алена Динаровна  КГКП «Костанайский колледж автомобильного транспорта»
г.Костанай.
3.Пинзур Андрей Сергеевич
КГКП «Колледж транспорта»
г.Семей.
#көлікколледжі
#колледжтранспорта
#worldskills

“Ділмар” зияткерлік клубы

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған “Қазақстан әлемдік аренадағы орны мен рөлі” тақырыбында Шығыс Қазақстан облысы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен пікірсайыс турнирінің қатысушысы, колледжіміздің “Ділмар” зияткерлік клубының мүшесі Райхан Аңсар 2 орынды иеленді.
Құттықтаймыз!!!
Прошел дебатный турнир среди студентов организаций технического и профессионального образования Восточно-Казахстанской области на тему «Место и роль Казахстана на мировой арене», посвященного 30-летие Республики Казахстан. Студент нашего колледжа, участник дебатного клуба “Ділмар” Райхан Ансар занял 2 место.
Поздравляем!!!
#көлікколледжі
#колледжтранспорта

«ТМД Үздік студенті»

Семей қаласы көлік колледжінің 1-курс студенті, Фархадов Ихсан Фархадулы көшбасшылық қасиеті және таланты үшін «ТМД Үздік студенті» атанды.
Студент 1 курса колледжа транспорта г. Семей группы 12 ТРэк Фархадов Ихсан признан победителем международного конкурса среди молодежи СНГ «Лучший студент СНГ» организованным международным центром спорта, образование и науки «Genius». За талант и лидерские качества.
#колледжтранспорта
#көлікколледжі
#абитуриент2021

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020

Семей қаласы Көлік колледжінің 1 курс студенті, “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020” атанды. Жетекшісі Жумадилова Жадыра Шарипханова. Фархадов Ихсан Фархадулы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Ұлттың жаңа болмасын қалыптастыру жэне еліміздің талантты жастарының жетістіктерін насихаттау мақсатында өткен “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020” жобасының “Жас қыран” талантты жастардың IV Республикалық жинағына енгені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталып, арнайы төсбелгі иегері атанып, “Жас қыран” кітабын да алды.
“Бөбек” Жалпыұлттық қозғалысы” заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған жоба. Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылды.
Байқаудың мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарында, шығармашылықта, студенттердің өзін-өзі басқаруында, спортта, студенттер командаларының қозғаласын дамытуда және сыныптан тыс жұмыстардың басқа бағыттарында өзін белсенді көрсеткен студенттерді анықтау және ынталандыру.

 

Біздің мақтанышымыз

Фархадов Ислам Фархадұлы 9 сыныптан кейін, 2017 жылы Семей қаласының Көлік колледжіне «Техник-механик» бөліміне емтихан тапсырып, жоғарғы балл жинап, студенттер катарына кабылданды.
2017-2018 оқу жылының салтанатты мерекесінде «Бірінші қоңырау» соғу мәртебесіне ие болды.
Колледж ұжымы Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне, саяси – құқықтық өміріне, мәдениетіне, ғылым мен білім беру салаларына орасан үлес қосып, еліміздің техникалық білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналдырды. Тұңғыш президент  Н.Назарбаев «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздерін тиек етіп, елімізді әлемге танытып, осы жолда еңбектеніп, іздену, мақсатында екінші қосымша «Өз болашағынды бағдарла» атты жас программист курсын оқып, сертификат алды. Көптеген қалалық, облыстық және халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конкурстарға катысып, диплом, сертификаттарға ие болды. Колледждің коғамдық өміріне белсене қатысады, көшбасшы өмірлік ұстанымы, сол үшін көптеген грамоталармен марапатқа ие.
Кик-боксингтен ашык кубоктарда жүлделі орындар иегері. Колледжде баскетбол үйірмесіне қатысады. Колледжде «Дебат» клубының төрағасы.
Семей көлік колледжінің кұрылғанына 90 жылдығына байланысты қала аумағында көптеген шаралар ұйымдастырылды. Сол қалалық Абай театырында өткен ауқымды мерекелік шарада колледж директоры Айбек Нугымаров Исламды медальмен марапаттады.
2017-2018 оқу жылдары бірінші және екінші курстарда Байсеитов стипендиясының иегері және «Үздік студент» сайысының қортындысы бойынша 1-орын алды.
Бірлік бар жерде – тірлік бар дегендей, Фархадов Ислам оқитын 41 ТРК тобы 2018-2019 және 2019-2020 оқу жылдарында екі дүркін ең үздік топ «Теряев тобы» атанса,  2019 жылы колледж деңгейінде «Саптық журіс пен ән сайысында 1-орын алып, қалалық колледждер арасында «Ұлы жеңіс» күніне арналған сайыста 1-жүлделі орынға ие болып, колледжіміздің мәртебесін биікке көтердік.
Сонымен қатар 2020 жылы Қазақстан ТОП – 100 студент қатарына енді.

Республикалық «Маусымашар – 2020» Жайдарман ойындарының «Әмбебап маусымы»

    2020 ж ақпан айының 3-9 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық «Маусымашар – 2020» Жайдарман ойындарының «Әмбебап маусымы» бастау алды.

     «Маусымашар – 2020ға» еліміздің түкпірінен 600ге жуық команда өнер көрсетті. Іріктеу кезеңі 2 турдан өтті. Іріктеліп алынған 27 команда Қазақстан ұлттық арнасына гала концертте өнер көрсетті.

   Гала концертке колледжіміздің «Автомех» командасы өнер көрсетті. Марапаттау рәсімінде колледж командасы Республикалық «Премьер лигаға» жолдама алды. Командамызға демеу болған колледж директоры Айбек Серікболұлына алғысымызды білідіреміз.

Жас Қыран Республикалық талантты жастардың жинағы

     Тұңғыш президент, елбасымыз жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізі мәні деп санайды, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты 2019 жастар жылы деп тағайындалып, жастарға жол ашатын көптеген жобалар өткізілді. Сол жобалардың бірегейі “Бөбек Жалпыұлттық қозғалысының” ұйымдастырылуымен республикамыздың барлық аумағын қамтыған “Үздік студент – 2019” жобасының Жас қыран Республикалық талантты жастардың жинағына 31 ТРК тобының студенті Оразқанов Ерасыл Ерланұлы ғылыми жетекшісі Иманғалиева Гаухар Сайлауқызы бастауымен жеткен жетістігінің арқасында енгізілді. Ерасылға алар асуларын көп болсын дейміз, ал әрептесіміз Гаухар Сайлауқызына тек еңбегінің жемісін көріп, отбасына бақыт, денсаулық тілейміз.


 Чемпионат “WorldSkills Shygys 2018”

WorldSkills Kazakhstan

    WORLDSKILLS дегеніміз не? WorldSkills — халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады.

WorldSkills Kazakhstan миссиясы Республикамызда  үшінші жыл өткізіліп отыр және халықаралық стандарттар негізінде техникалық кәсіптер бойынша кәсіпорындардың жоғары технологиялық салаларын кадрлық қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру, соның ішінде кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сараптау қоғамдастығын қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру болып табылады.

2017 жылы біздің студентіміз Климков Алексей «Мехатроника» құзыреті бойынша облыстық, ұлттық сайыста бірінші орынды иеленді және Қазақстан Республикасы командасының құрамында БҰӘ Абу-Даби қаласында өткен WorldSkills Халықаралық чемпионатына қатысты.  

2018  жылдың 03 – 05 сәуірі аралығында біздің қаламызда WorldSkills Shygys 2018 құзыреттері бойынша өңірлік чемпионат өткізілді, оған Шығыс Қазақстан облысының ТжКББ жүйесінің оқу орындары қатысты.

Осы чемпионат «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның аумағында өткізілді, оған 130 студент қатысып, 31 құзырет бойынша бақ сынасты. Біздің колледж осы сайыста өзін лайықты түрде таныта білді, атап айтсақ,  біз қатысқан жеті құзырет бойынша төрт студентіміз бірінші орындарды жеңіп алып, ШҚО чемпиондары атанды, олар:

Сәруаров Елдос. 36ТРэк тобы

Захихов Жанат. 34ТРм тобы

Задорожный Владимир  27ТРм тобы

Кунсафин Бекзат  31ТРк тобы

Сондай-ақ, қатысушыларды даярлау үшін барлық күштерін салған оқытушылар мен ӨО шеберлерін атап айтқымыз келеді:

Молдажанов Талғат Тұяқбаевич

Соколов  Сергей Юрьевич

Костюченко Александр Александрович

Истемесов Дамир Бахтиярович

 WorldSkills қозғалысы Қазақстанда ерекше мәртебелі, осы жарыстар еліміз үшін олимпиадалық ойындар тәрізді маңызды мәнге ие.  

Жастар халықаралық чемпионатқа белсенді түрде қатысады, бұл кәсіптік дағдыларды жетілдіруге түрткі болып табылады.

Әрбір жас адамның өз ортасында ең үздік болуға ұмтыуы әрбір кәсіпорын мен Республикамызды тұтастай алғанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуіне мүмкіндік туғызады!