Біздің мақтанышымыз

Фархадов Ислам Фархадұлы 9 сыныптан кейін, 2017 жылы Семей қаласының Көлік колледжіне «Техник-механик» бөліміне емтихан тапсырып, жоғарғы балл жинап, студенттер катарына кабылданды.
2017-2018 оқу жылының салтанатты мерекесінде «Бірінші қоңырау» соғу мәртебесіне ие болды.
Колледж ұжымы Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне, саяси – құқықтық өміріне, мәдениетіне, ғылым мен білім беру салаларына орасан үлес қосып, еліміздің техникалық білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналдырды. Тұңғыш президент  Н.Назарбаев «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздерін тиек етіп, елімізді әлемге танытып, осы жолда еңбектеніп, іздену, мақсатында екінші қосымша «Өз болашағынды бағдарла» атты жас программист курсын оқып, сертификат алды. Көптеген қалалық, облыстық және халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конкурстарға катысып, диплом, сертификаттарға ие болды. Колледждің коғамдық өміріне белсене қатысады, көшбасшы өмірлік ұстанымы, сол үшін көптеген грамоталармен марапатқа ие.
Кик-боксингтен ашык кубоктарда жүлделі орындар иегері. Колледжде баскетбол үйірмесіне қатысады. Колледжде «Дебат» клубының төрағасы.
Семей көлік колледжінің кұрылғанына 90 жылдығына байланысты қала аумағында көптеген шаралар ұйымдастырылды. Сол қалалық Абай театырында өткен ауқымды мерекелік шарада колледж директоры Айбек Нугымаров Исламды медальмен марапаттады.
2017-2018 оқу жылдары бірінші және екінші курстарда Байсеитов стипендиясының иегері және «Үздік студент» сайысының қортындысы бойынша 1-орын алды.
Бірлік бар жерде – тірлік бар дегендей, Фархадов Ислам оқитын 41 ТРК тобы 2018-2019 және 2019-2020 оқу жылдарында екі дүркін ең үздік топ «Теряев тобы» атанса,  2019 жылы колледж деңгейінде «Саптық журіс пен ән сайысында 1-орын алып, қалалық колледждер арасында «Ұлы жеңіс» күніне арналған сайыста 1-жүлделі орынға ие болып, колледжіміздің мәртебесін биікке көтердік.
Сонымен қатар 2020 жылы Қазақстан ТОП – 100 студент қатарына енді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *