Теплоходпен экскурсия

«Көлік колледжі» КМҚК !»Исток» балалар мен жастар шығармашылығы орталығы» ҚБ-мен бірлесіп, ерекше балаларға теплоходпен экскурсия ұйымдастырды.

КГКП «Колледж транспорта» совместно с ОО «Центр творчества детей и молодежи «Исток»» организовал экскурсию на теплоходе особенным детям.

«Жемқорлық iндет – жою мiндет» тақырыбында пікір-сайыс өтті

Көлiк колледжі “Дiлмар” зияткерлік дебат клубының қатысушылары арасында «Жемқорлық iндет – жою мiндет» тақырыбында пікір-сайыс өтті.
Среди участников интеллектуального дебатного клуба “Ділмар” состоялся дебат на тему “Жемқорлық індет – жою міндет”.

«ТМД Үздік студенті»

Семей қаласы көлік колледжінің 1-курс студенті, Фархадов Ихсан Фархадулы көшбасшылық қасиеті және таланты үшін «ТМД Үздік студенті» атанды.
Студент 1 курса колледжа транспорта г. Семей группы 12 ТРэк Фархадов Ихсан признан победителем международного конкурса среди молодежи СНГ «Лучший студент СНГ» организованным международным центром спорта, образование и науки «Genius». За талант и лидерские качества.
#колледжтранспорта
#көлікколледжі
#абитуриент2021

“Отбасы – бақыттың тірегі” фото-бейне көрмесінің қорытындысы

“Ата-аналар мектебі” клубының қазылар алқасының мүшелері “Отбасы – бақыттың тірегі” фото-бейне көрмесінің қорытындысын шығарды”
1 орын – 11см, 11трк
2 орын-12ТРЭк
3 орын-21ЭАк
Членами жюри клуба “Ата-аналара мектебі” подведены итоги фото- видео выставки “Отбасы-бақыттың тірегі”
1 место- 11СМ, 11ТРк
2 место-12ТРЭк
3 место-21ЭАк

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020

Семей қаласы Көлік колледжінің 1 курс студенті, “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020” атанды. Жетекшісі Жумадилова Жадыра Шарипханова. Фархадов Ихсан Фархадулы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Ұлттың жаңа болмасын қалыптастыру жэне еліміздің талантты жастарының жетістіктерін насихаттау мақсатында өткен “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020” жобасының “Жас қыран” талантты жастардың IV Республикалық жинағына енгені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталып, арнайы төсбелгі иегері атанып, “Жас қыран” кітабын да алды.
“Бөбек” Жалпыұлттық қозғалысы” заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған жоба. Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылды.
Байқаудың мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарында, шығармашылықта, студенттердің өзін-өзі басқаруында, спортта, студенттер командаларының қозғаласын дамытуда және сыныптан тыс жұмыстардың басқа бағыттарында өзін белсенді көрсеткен студенттерді анықтау және ынталандыру.

 

Біздің мақтанышымыз

Фархадов Ислам Фархадұлы 9 сыныптан кейін, 2017 жылы Семей қаласының Көлік колледжіне «Техник-механик» бөліміне емтихан тапсырып, жоғарғы балл жинап, студенттер катарына кабылданды.
2017-2018 оқу жылының салтанатты мерекесінде «Бірінші қоңырау» соғу мәртебесіне ие болды.
Колледж ұжымы Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне, саяси – құқықтық өміріне, мәдениетіне, ғылым мен білім беру салаларына орасан үлес қосып, еліміздің техникалық білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналдырды. Тұңғыш президент  Н.Назарбаев «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздерін тиек етіп, елімізді әлемге танытып, осы жолда еңбектеніп, іздену, мақсатында екінші қосымша «Өз болашағынды бағдарла» атты жас программист курсын оқып, сертификат алды. Көптеген қалалық, облыстық және халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конкурстарға катысып, диплом, сертификаттарға ие болды. Колледждің коғамдық өміріне белсене қатысады, көшбасшы өмірлік ұстанымы, сол үшін көптеген грамоталармен марапатқа ие.
Кик-боксингтен ашык кубоктарда жүлделі орындар иегері. Колледжде баскетбол үйірмесіне қатысады. Колледжде «Дебат» клубының төрағасы.
Семей көлік колледжінің кұрылғанына 90 жылдығына байланысты қала аумағында көптеген шаралар ұйымдастырылды. Сол қалалық Абай театырында өткен ауқымды мерекелік шарада колледж директоры Айбек Нугымаров Исламды медальмен марапаттады.
2017-2018 оқу жылдары бірінші және екінші курстарда Байсеитов стипендиясының иегері және «Үздік студент» сайысының қортындысы бойынша 1-орын алды.
Бірлік бар жерде – тірлік бар дегендей, Фархадов Ислам оқитын 41 ТРК тобы 2018-2019 және 2019-2020 оқу жылдарында екі дүркін ең үздік топ «Теряев тобы» атанса,  2019 жылы колледж деңгейінде «Саптық журіс пен ән сайысында 1-орын алып, қалалық колледждер арасында «Ұлы жеңіс» күніне арналған сайыста 1-жүлделі орынға ие болып, колледжіміздің мәртебесін биікке көтердік.
Сонымен қатар 2020 жылы Қазақстан ТОП – 100 студент қатарына енді.

“Семей инжиниринг” АҚ-мен шартқа қол қою

   Биылғы жылы “Семей инжиниринг” АҚ-мен 1201133 “Мехатроник” мамандығы бойынша 1201000 “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану”мамандығы бойынша 26 білім алушыны даярлау бойынша дуальді жүйені енгізу шартына қол қойылды. Бронетанктік техника элементтерін зерделеуді енгізе отырып, эксперименттік жұмыс оқу жоспары бірлесіп әзірленді, жоспарда Теориялық оқытудың 35% – ын және практикалық оқытудың 65% – ын дуальды оқыту шарты сақталады.

 

Үздіктер слеті – 2020

     Колледжде 17-ақпан күні «Үздіктер слеті» атты тамаша мереке өткізілді.  Іс-шара “Жеңімпаздарды түстеп білу керек” ұранымен өтті. Білім алудың үздіктері өздерінің ата-аналарына арналған мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын бөлім меңгерушілерінің және директордың ТЖ жөніндегі орынбасарының қолынан мақтанышпен алды.

     Сонымен қатар оқу үздіктерінің ата-аналары атынан Рахымжанов Асқар Құнапьяұлы студенттерге арнап сөз сөйледі. Соңында “Үздік студент – 2020” байқауының жеңімпаздарының есімдері жарияланды, олар:

  1. Сегізбаев Дамир-11 СМ;

  2. Серый Никита – 21 ЭСП;

  3. Фархадов Ислам-31 ТРк.

  

Үздік студент – 2020

     12 ақпанда “Үздік студент-2020” атты керемет іс шара өткізіледі. Бұл сайыста колледждің 8 ең үздік студенттері өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың көрермендері студенттердің жан-жақты екеніне көздерін жеткізіп, керемет әсер алды  “Үздіктер шеруі” атты іс-шарада анықталады.