«Мені шыңдаған Серпін-2017» Республикалық байқауы
                                                                             
   2017 жылдың қарашаның 8-10 аралығында Петропавл қаласында «Мені шыңдаған Серпін-2017» алғашқы Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау WorldSkills жұмысшы мамандықтары халықаралық чемпионат форматында өтті.
     Байқауға 18-23 жас аралығында Қазақстанның тоғыз өңірінен келген 82 сайыскер қатысты. Қазылар алқасының   құрамында-кәсіпорындар мен әлеуметтік серіктестерінің өкілдері, сондай-ақ өңірлерден келген тәуелсіз сарапшылар қатысты.
  Сайыс таңдалған 10 бағыт бойынша өтті. “Автомеханик” бағытында Семей көлік колледжінің  3-курс оқушылары  – Қайрат Нұрсат пен Мұсаев Қасым қатысты.
   Бес түрлі модульдің қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері әр модульдің  қорытындысын есептеп, әрбір қатысушының орташа баллын шығарды. Әр кезеңде, өздерінің жауаптарымен, іс-әрекеттерімен, білімі және біліктілігімен сарапшыларды таң қалдырған қатысушылар болды. Солардың бірі жергілікті қатысушыларға ғана жол беріп, 3 орын иеленген – Қайрат Нұрсат.
      Сарапшылар Семей қаласының қатысушыларының  жоғары дайындығын және жоғары кәсіптік білімін  атап өтті.
   Жеңімпаздарды облыс әкімінің атынан облыс әкімінің орынбасары Мадияр Кожахмет құттықтап, марапаттады.