Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері
Семей қаласының «Көлік колледжінде» 2018 жылдың 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауына орай кезекті жиналыс өткізілді. Колледж директоры Жумаксанов Шаған Манапұлы мен колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Тулеуов Каныш Мақсұтұлының басшылығымен ұйымдастырылған бұл жиынға арнайы қонақ ретінде Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев Айдар Серікқазыұлы шақырылды.
Жиналыс барысында бірінші болып тарих және география пәнінің оқытушысы Имангалиева Гаухар Сайлауқызы қазақ тілінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналғанын» айта отырып, жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін бағытталған 10 міндеттермен таныстырып өтті. Келесі болып тарих пәнінің оқытушысы Шарафудинова Гульфия Ришатовна орыс тілінде өз баяндамасын жасады.
Сонымен қатар колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Туяқпаев Талғат Елбасының жыл сайынғы жоспарындағы білім саласына байланысты бағыттарына аса көңіл бөлетінін айта келе колледж оқытушыларына «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылданғаны жайлы партиялық билетті табыстап, оқытушыларды құттықтады. Колледжімізде барлығы 46 оқытушы «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылданды.
Колледжіміздің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Омарханова Жанат Елбасының жыл сайынғы жолдауы шамшырақ сияқты және жыл сайын жолдауды асыға күтетінін атап өтті. Сөз соңында Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев Айдар Серікқазыұлы колледж ұйымын жаңа жылмен құттықтай отырып, ұжымға сәттілік тілей келе өз рахметін білдірді.
Көлік колледжінің тарих пәнінің оқытушысы, тарих магистрі:
Имангалиева Гаухар Сайлауқызы.