Облыстық әскери-қолданбалы спорттық жарыс

2023 жылы 13 желтоқсанда “Көлік колледжі” КМҚК-да Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында “ЖАС САРБАЗ” бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Көлік колледжінің құрылғанына 95 жылдық мерейтойына арналған облыстық әскери-қолданбалы спорттық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты: “Жас сарбаз” бағдарламасын орындау; Салауатты өмір салтын насихаттау; Спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру; Әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау. Жарыс 1.Пневматикалық мылтықтан ашық көздеуішпен ату; 2.Биік кермеге тартылу спорт түрлерінен өткізілді. Әр спорт түрлеріне 1 қатысушыдан қатысты. Жарысқа Абай облысының 14 колледжі қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1 орын- “Көлік колледжі” КМҚК, 2- орын “Электртехникалық колледжі” КМҚК, 3 – орын “Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі” ШЖҚ КМК иеленді.
#көлікколледжі #колледжтранспорта #kolledj_transporta
Видео

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *