«Әскери-техникалық» мектеп

06.11.2023 жылы Көлік колледжінің АӘжәнеТД пәнінің оқытушылары М. Жумашулы мен А.К. Канапьянов 12 ТМ, 11ЭВП, 11ДМк топтарының студенттерімен Семей қаласындағы «Әскери-техникалық» мектеппен танысуға барды. Онда студенттер Сарбаздардың әскери борышын өтеп жатқан жерлерімен және тактика сабақтарының өтілу барысымен танысты. Әскери оқытушылар студенттерге автоматты бөлшектеп бұзу мен жинаудың тәсілдерін және мылтықтан ату техникаларын көрсетті. Сонымен қатар алғашқы медициналық көмектің қалай жасалу жолдарын манекенде көрсетті. Біздің студенттерде көрсеткен әдіс-тәсілдерді өздері жасап көріп қызығушылық танытты. Студенттер әскери-техниклық мектептен жақсы әсер алды.
#көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *