Студенттердің діни сауаттылықтарын арттыру бойынша арнайы мамандармен кездесу

29.01.2024 жылы колледжде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Талап” құндылықтары бағыты бойынша “Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының” теологы Ботаханов М.Д. және психолог Маар С.А. студенттермен “Жат ағымнан сақтану” тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу мақсаты: жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру, дін мен қоғамның арасындағы байланысты түсіндіру. Кездесу барысында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
#көлік_колледжі #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы

Облыстық М.Ж. Жексенбековті еске алу кубогына арналған облыстық әскери – қолданбалы спорттық жарыс

2024 жылдың 26 қаңтар күні “Көлік колледжі” КМҚК-ның “ЖАС САРБАЗ” клубының мүшелері Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ‘Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” пәні бойынша “ЖАС САРБАЗ” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Х облыстық М.Ж. Жексенбековті еске алу кубогына арналған облыстық әскери – қолданбалы спорттық жарысқа қатысып, жалпыкомандалық есепте 1 орын иеленді, жарысқа қатысқан студенттер Нұрмуханбетов Айдос, Кенжебеков Данияр, Аубакиров Расул. Клуб жетекшісі  М. Жумашулы.
#көлікколледжі #колледжтранспорта #жассарбаз