“Сәттілік баспалдағы” квест ойыны!

9.11.2023 ж. Орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары Суртаева З.Ф., Мамонова Б.Р. “бастаушы оқытушы мектебінің” үшінші секциясында “Табыс баспалдағы” квест – ойыны түрінде сабақ өткізді! Ойынға колледждің жас оқытушылары қатысты.
#көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta #школа_начинающего_преподователя
Видео

“Саналы ұрпақ” клубы

«Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ – нің заңгері Рахымгалиев Темирлан Асетулы сыбайлас жемқорлықты анықтау мақсатында колледж студенттері арасында анонимді сауалнамасын жүргізді.
#біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta

“Алтын күз -әсем айналам” атты күзгі бал

“Бір тұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Талап” құндылықтарын насихаттау мақсатында КМҚК “Көлік колледжі” жатақханасында “Алтын күз -әсем айналам” атты күзгі бал кеші өтті. Кеш сайыс ретінде өтіп, қатысқан студенттер өз өнерлері мен шығармашылықтарын ортаға салып, жүлделі орындарға ие болды. #біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
Видео

“Дін және қоғам” тақырыбында ашық колледжішілік тәрбие сағаты

07 қараша күні 22ЭАк тобында “ Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында , “ Ұлттық мүдде” құндылықтарын насихаттау негізінде топ жетекшісі Кадирханова А. М. “Дін және қоғам” тақырыбында ашық колледжішілік тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатына арнайы дін саласындағы қонақтар келіп қатысты: Аманжолов Б. А. , Тұрсынғалиев Қ. М. , Ботаханов М.Д.
#біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
Видео

Колледжіміздің жас спортшысы

Колледжіміздің жас спортшысы, мақтанышы 11ТЭМк тобының студенті Аманкелдинов Мейіржан бокстан Абай облысы чемпионатында 57 келі салмақ дәрежесінде ll орын иегері. Құттықтаймыз! Алда болатын жарыстарға сәттілік тілейміз! Жетістіктерің көп болсын!
#көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta

«Әскери-техникалық» мектеп

06.11.2023 жылы Көлік колледжінің АӘжәнеТД пәнінің оқытушылары М. Жумашулы мен А.К. Канапьянов 12 ТМ, 11ЭВП, 11ДМк топтарының студенттерімен Семей қаласындағы «Әскери-техникалық» мектеппен танысуға барды. Онда студенттер Сарбаздардың әскери борышын өтеп жатқан жерлерімен және тактика сабақтарының өтілу барысымен танысты. Әскери оқытушылар студенттерге автоматты бөлшектеп бұзу мен жинаудың тәсілдерін және мылтықтан ату техникаларын көрсетті. Сонымен қатар алғашқы медициналық көмектің қалай жасалу жолдарын манекенде көрсетті. Біздің студенттерде көрсеткен әдіс-тәсілдерді өздері жасап көріп қызығушылық танытты. Студенттер әскери-техниклық мектептен жақсы әсер алды.
#көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta

Топ жетекшілер семинары

03.11.2023ж. Колледже кезекті топ жетекшілер семинары өтті. Семинар барысында қарастырылған сұрақтар: 1.Директордың ТІЖ орынбасары Аубакирова А.М. – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №294 19.09.2023ж бұйрығымен таныстыру; – “Бір тұтас тәрбие” бағдарламасының міндеті мен мақсаты; 2.Колледж педагог-психологы Жуасбек Ж.С. “Топ жетекшілерге ата аналармен жұмыс барысында туындайтын қиындықтарды шешуге байланысты ұсынымдар” . 3.Колледж әлеуметтік-педагогы Джумабекова Ш.Ж. ” Қиын балалар мен олардың ата аналарымен жұмыс жасау барысындағы ұсынымдар” . 4.Ағылшын пәні оқытушысы Молдажанова Г.С. “Тәрбиелік идеялар жәрмеңкесі”. 5.Құқық бұзушылық кеңесінің төрағасы Оспанов К. С. “Колледж студенттері арасындағы тәртіп, құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алудың жолдары мен ұсынымдар”.
03.11.2023г. В колледже состоялся семинар классных руководителей. На семинаре были рассмотрены следующие вопросы: 1.Зам.директора по ВР Аубакирова А.М. Ознакомление с приказом Министерства Просвещения РК №294 от 19.09.2023г. Цели и задачи программы”Единое воспитание”. 2.Педагог – психолог колледжа Жуасбек Ж.С. “Основные моменты взаимодействия психолога с классным руководителем и родителями обучающих”. 3. Социальный педагог колледжа Джумабекова Ш. Ж. “Рекомендации классным руководителям в работе с “трудными” подростками, пути решения”. 4. Преподаватель английского языка Молдажанова Г. С. “Ярмарка воспитательных идей”. 5. Председатель совета по профилактике правонарушений Оспанов К.С. “Рекомендации по профилактике правонарушений среди студентов колледжа”.
#біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta

“Маргиналды жастар, буллинг және гемблинг” тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары

02.11.2023жылы Абай облысы ПД ҰҚҚКБ АМІЖ аға жедел уәкілі полиция майоры Б.Төлегенов., Абай облысы ПД ҰҚҚКБ жедел уәкілі полиция капитаны М.Жунусовтың қатысуымен колледжстуденттеріне “Маргиналды жастар, буллинг және гемблинг” тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
02.11.2023г со студентами колледжа была проведена профилактическая беседа с участием старшым оперуполномоченным по ОВД УБОП ДП области Абай майор полиции Тулегеновым Б.К., и старший оперуполномоченный УБОП ДП области Абай капитан полиции Жунусовым М.Т., на тему: “Маргинальная молодежь, буллинг и гемблинг”.
#біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta

“Дін және қоғам” тақырыбында кездесу

Жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру, дін мен қоғамның арасындағы байланысты түсіндіру мақсатында жаңадан қабылданған топтар арасында 30-шы қазан күні “Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының” ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Кусембекова А. М. қатысуымен “Дін және қоғам” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
#біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta