«Жыл жеңімпаздары 2023» «Жаңа жыл 2024»

Жыл бойы жетістікке жетіп, колледж мәртебесін үстем етіп, мерейін көтерген студенттерімізді марапаттау мақсатында, 22.12.2023ж. Қалалық мәдениет сарайында “Көлік колледжі” КМҚК “Жыл жеңімпаздары 2023” атты мерекелік жаңа жылды қорытындылау іс-шарасы ұйымдастырылып, арты көңілді би кешімен жалғасты. Кеш барысында колледждің үздік студеттері, колледж белсенділері, Worlds kills кәсіби шеберлік сайысының қатысушылары мен спортта жетістікке жеткен студенттер колледж директоры Нугымаров А.С. алғыс хатымен марапатталды.
22.12.2023 в целях награждения лучших студентов, добившихся успехов в течение года, повысивших статус колледжа в городском дворце культуры было организовано праздничное новогоднее мероприятие «Жыл жеңімпаздары 2023» . В ходе вечера лучшие студенты колледжа, активисты колледжа, участники соревнований профессионального мастерства WorldSKills и студенты добившиеся успехов в спорте были награждены благодарственными письмами директора колледжа А.С.Нугымарова, а после последовал весёлый танцевальный вечер.
#Біртұтастәрбие #Студенттікпарламент #көлікколледжі #жылжеңімпаздары2023
ВИДЕО

“Саналы ұрпақ” клубы

Абай атындағы кітапханадасында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай форум өтті. “Центр семьи” қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен өткен облыстық конкурсқа қатысып, 3 орын алғаны үшін Көлік колледжі дипломмен марапатталды.
#Біртұтастәрбие #Саналыұрпақклубы #көлікколледжі #жылжеңімпаздары2023

Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында танымдық іс-шарасы

Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында танымдық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс –шара колледж директоры А.С.Нугымаровтың құттықтау сөзінен басталды, 41 ЭАк тобының студенттері «Желтоқсан желі» қойылымын қойып, Қайрат Рұсқұлбековтың бейнесін жоғары дәрежеде көрсете алды. 1-4 курс студенттері патриоттық өлеңдерді оқып, тамаша әндер орындап өз өнерлерін көрсете білді.
#көлік_колледжі #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #16желтоқсанҚазақстанРеспубилкасыныңТәуелсіздіккүні
ВИДЕО

Облыстық әскери-қолданбалы спорттық жарыс

2023 жылы 13 желтоқсанда “Көлік колледжі” КМҚК-да Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында “ЖАС САРБАЗ” бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Көлік колледжінің құрылғанына 95 жылдық мерейтойына арналған облыстық әскери-қолданбалы спорттық жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты: “Жас сарбаз” бағдарламасын орындау; Салауатты өмір салтын насихаттау; Спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру; Әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау. Жарыс 1.Пневматикалық мылтықтан ашық көздеуішпен ату; 2.Биік кермеге тартылу спорт түрлерінен өткізілді. Әр спорт түрлеріне 1 қатысушыдан қатысты. Жарысқа Абай облысының 14 колледжі қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1 орын- “Көлік колледжі” КМҚК, 2- орын “Электртехникалық колледжі” КМҚК, 3 – орын “Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі” ШЖҚ КМК иеленді.
#көлікколледжі #колледжтранспорта #kolledj_transporta
Видео

«Тоғыз айға 9 іс-шара» «Болашаққа хат»

2023 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Тоғыз айға 9 іс-шара» республикалық челленджінің аясында Семей Көлік колледжінің студенттері арасында «Болашаққа хат» тақырыбында шығарма байқауы өтті.Байқаудың мақсаты – туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, өнерге баулу, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білім мен өз-өзін жетілдіруге деген құштарлықты арттыратын, елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
13 декабря 2023 года в 12.00 в рамках республиканского челленджа «9 мероприятий на девять месяцев» среди студентов Семипалатинского колледжа транспорта прошел конкурс сочинений на тему «Письмо в будущее». Цель конкурса-способствовать будущему родной страны, воспитывать служение стране, земле. Воспитывать у подрастающего поколения чувство патриотизма, стремление к знаниям и самосовершенствованию, заботу о нашей стране, приобщение к искусству, хорошее владение национальным языком.
#көлік_колледжі #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #моеписьмо #моебудущее

“Қызылша” және “ЖРВИ және тұмау” тақырыбында кездесу

2023 жылғы 8 желтоқсанда “Көлік колледжінде” КМҚК педагог-психолог Ж. С. Жуасбек және медицина қызметкері Р.М. Яруллина Жан-Ер ЖШС емханасының эпидемиологы Нұрахметова Жанерке Берікбайқызымен бірге колледж студенттері арасында “Қызылша” және “ЖРВИ және тұмау” тақырыбында кездесу өткізді.
8 декабря 2023 г. в КГКП «Колледже транспорта» педагог-психолог Жуасбек Ж. С. и медицинский работник Яруллина Р. М. совместно с эпидемиологом поликлиники ТОО Жан-Ер Нурахметова Жанерке Берікбайқызы провели встречу на тему «Корь» и «ОРВИ и грипп» среди студентов колледжа.
#колледжтранспорта #педагог_психолог #мед_работник

“Қызылша”тақырыбындағы профилактикалық диктант

2023 жылғы 7 желтоқсанда “Көлік колледжінде” КМҚК педагог-психолог Ж. С. Жуасбек және медицина қызметкері Р.М. Яруллина Жан-Ер ЖШС учаскелік медбикесі Серікқазина Әлемгүлмен бірлесіп колледж студенттері арасында “Қызылша” тақырыбы бойынша профилактикалық диктант өткізді.
7 декабря 2023 г. в КГКП «Колледже транспорта» педагог-психолог Жуасбек Ж. С. и медицинский работник Яруллина Р. М. совместно с участковой медицинской сестрой ТОО Жан-Ер Серікқазиной Әлемгүл провели профилактический диктант по теме «Корь» среди студентов колледжа.
#педагог_психолог #мед_работник #колледж_транспорта

“Жемқорлықты тоқтат! ” атты қабырға газет сайысы “Саналы ұрпақ” клубы

“9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне” орай “Саналы ұрпақ” клубының жұмыс жоспарына сәйкес “Жемқорлықты тоқтат! ” атты қабырға газеттер сайысы өткізілді.
Қабырға газеттер сайысының қорытындысы:
1 – орын 12ТМ, 12ЭА
2 – орын 11ТЭМк, 12ТР
3 – орын 11ЭВП, 12ТЭМк.
Топты ұйымдастырып, колледждiң қоғамдық жұмыстарына белсене катысканы үшін топ жетекшілеріне алғыс хат берілді.
#біртұтастәрбие #саналы_ұрпақ_клубы #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta
Видео

“Кең жүрекпен” волонтерлар форумы

Көлік колледжі “Ашық жүрек” еріктілер клубының белсенділері 5-желтоқсан күні “Кең жүрекпен” волонтерлар форумына қатысып Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Есенжоловтың Алғыс хатымен марапатталды.
5 декабря 2023 года волонтеры Колледжа транспорта приняли участие в областном форуме волонтерского движения и получили благодарственное письмо от руководителя внутренней политики г. Семей Н.Есенжоловой.
#еріктілеркүні_абайоблысы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей #ашықжүрек #еріктілер #волонтеры