“Гордорстрой” ЖШС бейінді кәсіпорнына экскурсия

21дм тобында оқу өндірістік практикасынан өту шеңберінде “Гордорстрой” ЖШС бейінді кәсіпорнына экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар кәсіпорын цехтарының жабдықталуымен, сондай-ақ жол-құрылыс машиналарымен танысты.
#көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta #учебно_производственная_практика

“Дильмар” дебат клубы

«Дiлмар» дебат клубының ұйымдастыруымен 25 – қазан Республика күнiне байланысты 11 ТМ-к және 12 ТЭМ-к топтары арасында «Егемендік – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өткiзiлдi. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау.
#біртұтастәрбие #көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta

«Автокөлікшілер күні»

27.10.2023 Абай облысы Білім басқармасының КМКҚ «Көлік колледжі» мекемесінде «Автокөлікшілер күні» мерекесіне арналған Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Қозғалтқышты басқарудың электрондық жүйелерінің диагностикасы» кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Конкурсқа Абай облысынан 7 колледж өкілі қатысты. Жеңімпаздар диплом және сертификаттармен марапатталды.
27.10.2023 года в КГКП «Колледж транспорта» управления образования области Абай прошел конкурс профессионального мастерства «Диагност электронных систем управления двигателем» среди преподавателей специальных дисциплин и мастеров производственного обучения организаций технического и профессионального образования области Абай, посвященный празднику «День автомобилиста». В конкурсе приняли участие 7 колледжей области Абай. Участники и призеры были награждены дипломами и сертификатами.
#көлік_колледжі #колледж_транспорта #kolledj_transporta #автокөлікшілер_күні #день_автомобилиста
Видео