Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Кәсіби бағдар алу мақсатында Знаменка ауылының 9-11 сынып оқушылары Көлік колледжіне келді. Әрбір оқушының қабілетін ескере отырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдаулары үшін колледж базасындағы мамандықтар жайлы толық ақпарат берілді. Айта кетейік, қоғамның қажеттілігіне қарай туындап отырған техникалық мамандықтар бүгінгі таңда сұранысқа ие.
👨‍🔧100% жұмыспен қамтамасыз етеміз.
⚙️Кәсіби білікті маман боламын десеңіз, біз Сізді күтеміз!
📲8 (707) 685-56-15
📍Қ. Мұхамедханов к. 42
👨‍🔧100% трудоустройство.
⚙️Если вы хотите стать профессионалом своего дела, мы Вас ждем!
📲8 (707) 685-56-15
📍ул. К. Мухамедханова 42
Видео

Маманмен кездесу

06.04.2023 ж. “Көлік колледжі” КМҚК-да наркологиялық диспансердің наркологы Зульфия Рафиковна Абулхасенова жаңадан қабылданған студенттермен кездесті. Кездесудің мақсаты зиянды әдеттердің алдын алу.
06.04.2023 г. в КГКП «Колледже транспорта» прошла встреча студентов групп нового набора с врачом наркологом Наркологического диспансера Абулхасеновой Зульфией Рафиковной. Цель встречи профилактика вредных привычек.

«Адалдық дүкені/ Магазин честности»

Жастардың бойында инабаттылық, адалдық, өзін-өзі реттеу сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оқу-тәрбие процесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыруда «Көлік колледжі»КМҚК -да «Адалдық дүкені» жұмыс істейді. «Адалдық дүкені» жобасының мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру, студенттерге өзін лайықты және адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру. Мұндай дүкеннің қызметі өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесіне негізделген: студенттер мен қызметкерлер тауарларды алып, төлемді арнайы ашық кассаға қалдырады және қажет болған жағдайда ақшаны өздері алады. Барлығы адалдық принципіне негізделген.
Формирование у молодежи моральных качеств, таких как добропорядочность, честность, саморегуляция – одна из важных задач образовательного процесса. В реализации данной задачи в КГКП «Колледж транспорта » функционирует «Адалдық дүкені/ Магазин честности». Цель проекта «Адалдық дүкені/Магазин честности» – создание атмосферы доверия в обществе, дать студентам возможность идентифицировать себя как порядочного и честного человека. Деятельность такого магазина основана на системе самообслуживания: студенты и сотрудники берут товары, оставляя плату в специальной открытой кассе и сами забирут сдачу при необходимости. Всё строится только по принципу честности. Мы считаем, что деятельность таких магазинов без продавца поможет выработать «иммунитет к коррупции».
Видео