Жалпықазақстандық ашық диктант “Қыран елім – Қазақстаным”

“Қыран елім-Қазақстан” осындай атаумен Семей қаласының Көлік колледжінде Республика күніне орай жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
Колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Молдагалиева М.Т. диктант өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарына құрметпен қарау, ұлттық бірлікті қалыптастыру және қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм сезімін тәрбиелеу және табиғатқа ұқыпты қарау екенін атап өтті.
Бұл акцияға колледжіміздің 211 орыс тілінде және қазақ тілінде білім алатын бірінші курс студенттері қатысты.
«Біз 17 қазан күні жалпықазақстандық Республика күніне арналған “Қыран елім-Қазақстаным” атты жазба жұмысын жаздық. Менің ойымша осындай жазба жұмыстарын жүргізген студенттерге жақсы жағынан әсер етеді деген ойдамын. Себебі бұл болашақ ұрпақтын Отанына деген сүйіспеншілігін, махаббатын оятады, патриоттық сезімін қалыптастырады» – деді 12 ЭАк тобының студенті Әшім Мейіржан.
«Осы бір қасиетті ұғымның біздің халқымыз үшін мағынасы – өте терең. Еліміздің Отан болып қалыптасуында халқымыздың даналығы, қайтпас қайсарлығы дегендей біз қазаңңың 17 күні “Қыран елім-Қазақстаным” деген жазба жұмысын жаздық. Осы жазба жұмысында Қазақстан жері жайлы жазған болатынбыз. Қазақстанның өсіп-өнуі, дамуы мен көркейуі өзіміздің қолымызда» – деп 12 ЭАк тобының студенті Қайдарова Ақниет ой бөлісті.
Бұл акция ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақстандықтардың белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарының көрінісі ретінде қарастырылады. Диктант мәтінінде Қазақстан, табиғат сұлулығы, бірлік пен келісімде өмір сүретін халықтар достығы туралы айтылады. Мұндай іс-шаралар колледж оқушыларын мемлекетіміздің құндылықтары мен қағидаттарына құрметпен қарауға тәрбиелейді, ұлттық бірлікті қалыптастыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді. Бұл акция біздің оқушыларымыздың патриоттық рухын тәрбиелеуде үлкен маңызға ие екені сөзсіз.

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК
Семей қаласы әкімі аппараты 2022 жылғы қазан айының 15-і күні қаланы көркейту, көгалдандыру бойынша “Бірге Таза Қазақстан” атты жалпықалалық сенбілік жариялады.
“Көлік колледжі” КМҚК ұжымы мен студенттері бірауыздан қолдап, бекітілген аумақта тазалау, қақпа бағаналарын бояу, қоқыстарды шығару жұмыстарын жүргізді.
Аппаратом акима города Семей 15 октября 2022 года объявлен общегородской субботник по благоустройству и озеленению города “Бірге Таза Қазақстан”. Коллектив и студенты КГКП “Колледж транспорта” единогласно поддержали и провели уборку закрепленной территории, покраску столбов, ворот, вывоз мусора.
#колледж_транспорта #kolledj_transporta
#Балаларжылы #Годдетей
#өзін_өзібасқару
#студенттікпарламент #студенческийпарламент
#abaioblysy

Сайлау 2022

“Қазақстан халық партиясы” Қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы филиалы төраға орынбасары Сабитов Талғат Сайлаубекович, елімізде 20 қарашада өтетін Президент сайлауына байланысты кәмелет жасқа толған студенттермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР президентінің сайлауы. Сіздің дауысыңыз маңызды. Выборы Президента РК. Твой голос важен.
Заместитель председателя Абайского областного филиала Общественного объединения” Народная партия Казахстана ” Сабитов Талгат Сайлаубекович встретился со студентами, достигшими совершеннолетия в связи с предстоящими 20 ноября президентскими выборами. Выборы Президента РК. Ваш голос важен. Выборы Президента РК. Твой голос важен.
#сайлау2022