29 Jun, 2022 Выпускники «Серпін-2050» 2014жылдан бастап Қазақстанда “Серпін-2050” бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарлама мақсаты: халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын да қамтыды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Көлік колледжі 164 түлекті дайындап, оның ішінде 22 студент қызыл дипломға аяқтады. 27.06.2022 Серпін бағдарламасының соңғы түлектері 43ТРк тобына дипломдар табыс етілді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ПОЗДРАВЛЯЕМ! #көлікколледжі #колледжтранспорта #серпін2050
29 Jun, 2022 Түлек – 2022 2022жылдың маусым айының 20-сы күні 41СМ, 41СВ, 44ТРМ, 41ДМк, 42ДМк, 41ТРк топтарына диплом табыстау салтанатты іс-шарасы өтті. Түлектер үшін бұл күн 4- жылдық ізденіс пен талаптанудың қорытындысы, жаңа белеске қадам басудың белгісі іспетті. Колледж директоры Нугымаров Айбек Серікболұлы, түлектерге ақ жол тілеп құттықтай отыра, белсенді студеттер мен ата-аналарды алғыс хатпен марапаттады. Үздік дипломға ие болған студенттер: Муратов Р.А. Саурин А.А. Устименко С.Н. Беккер В.Э. Абдыгапаров Ч.М. Амангалиев А.Д. Құттыбаев Р.А. Түсіпбек А.С. Балтабеков А.Н. Капанов А.Б Федотов И.С. Даулетханов Е.Е Кәженов Ж.Н. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ПОЗДРАВЛЯЕМ!