Академиялық демалыс

Академиялық демалысқа калай шығамыз?
Академиялық анықтама беру ережесі
• Жалпы ережелер.
1.1. Осы білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген.
1.2. Білім беру ұйымы білім алушының академиялық демалысты рәсімдеуге берген өтінішін алдын-ала білім алушылардың аралық аттестаттауы басталуына дейін қарайды.
1.3. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.
1.4. Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс беру кезінде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады.
Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді, ДКК Қазақстан Республикасы Қарулы кұштер қатарына шақыруын Қазақстан Республикасы Қарулы кұштер қатарына шақыруы жөніндегі анықтамасымен ұсынады.2. Академиялық демалыстар беру тәртібі мен мерзімдері.
2.1. Академиялық демалыс білім алушыға дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының (будан әрі қарай -ДКК) қорытындысы анықтамасы негізінде 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімде, ерекше, аппатты жағдайларда 2 жылға дейін ғана беріледі.
2.2. Дәрігерлердің медициналық көрсеткіштері бойынша академиялық демалыс беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығаруы үшін білім алушы білім беру ұйымына қызмет көрсететін емдеу-профилактикалық ұйымға өзі бақылауға алынған медициналық мекемеден алған сырқат тарихынан жан-жақты баяндалған көшірмесін тапсырады.
#колледжтранспорта
#көлікколледжі

 

Видео