«АЛТЫН ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Семей «Көлік колледжінің» ұжымы «АЛТЫН ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып,  қаладағы №8 балалар үйіне барып, кішкентай сәбилерге, ​ жасөсіпірім жеткіншектерге түрлі ойыншықтар мен тәтті кәмпит, шоколадтар сыйлап, балалар қатты қуанды.
​ ​ ​ ​ «Көлік колледжінің» директоры, «Қазақстан барысы», «Әлем барысы», облыстық мәслихаттың депутаты Айбек Нұғымаровтың арнайы келуі осында тәрбиеленіп жатқан балалар үшін ғажап әрі ерекше жаңалық болды. Айбек Серікболұлы оларға арнап, өзінің игі тілегін жеткізді. Балаларға бақытты өмір, ашық аспан тіледі. №8 балалар үйінің директоры Сержан Окасов, бұл үйде 5 жастан бастап, 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленіп жатқанын айтты. Және алдағы уақытта Айбек Нұғымаровты тағы да бір мәрте шақырып, осындағы спортшы балалар үшін өзінің естеліктерін айтып беруін өтінді. Сый-сыяпаттарға ие болып, көңілді концерт тамашалаған балалар да келген қонақтарға дән риза екендіктерін айтты.
Видео