Үздіктер слеті – 2020

     Колледжде 17-ақпан күні «Үздіктер слеті» атты тамаша мереке өткізілді.  Іс-шара “Жеңімпаздарды түстеп білу керек” ұранымен өтті. Білім алудың үздіктері өздерінің ата-аналарына арналған мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын бөлім меңгерушілерінің және директордың ТЖ жөніндегі орынбасарының қолынан мақтанышпен алды.

     Сонымен қатар оқу үздіктерінің ата-аналары атынан Рахымжанов Асқар Құнапьяұлы студенттерге арнап сөз сөйледі. Соңында “Үздік студент – 2020” байқауының жеңімпаздарының есімдері жарияланды, олар:

  1. Сегізбаев Дамир-11 СМ;

  2. Серый Никита – 21 ЭСП;

  3. Фархадов Ислам-31 ТРк.

  

Үздік студент – 2020

     12 ақпанда “Үздік студент-2020” атты керемет іс шара өткізіледі. Бұл сайыста колледждің 8 ең үздік студенттері өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың көрермендері студенттердің жан-жақты екеніне көздерін жеткізіп, керемет әсер алды  “Үздіктер шеруі” атты іс-шарада анықталады.

 

 

Республикалық «Маусымашар – 2020» Жайдарман ойындарының «Әмбебап маусымы»

    2020 ж ақпан айының 3-9 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық «Маусымашар – 2020» Жайдарман ойындарының «Әмбебап маусымы» бастау алды.

     «Маусымашар – 2020ға» еліміздің түкпірінен 600ге жуық команда өнер көрсетті. Іріктеу кезеңі 2 турдан өтті. Іріктеліп алынған 27 команда Қазақстан ұлттық арнасына гала концертте өнер көрсетті.

   Гала концертке колледжіміздің «Автомех» командасы өнер көрсетті. Марапаттау рәсімінде колледж командасы Республикалық «Премьер лигаға» жолдама алды. Командамызға демеу болған колледж директоры Айбек Серікболұлына алғысымызды білідіреміз.