Жас Қыран Республикалық талантты жастардың жинағы

     Тұңғыш президент, елбасымыз жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізі мәні деп санайды, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты 2019 жастар жылы деп тағайындалып, жастарға жол ашатын көптеген жобалар өткізілді. Сол жобалардың бірегейі “Бөбек Жалпыұлттық қозғалысының” ұйымдастырылуымен республикамыздың барлық аумағын қамтыған “Үздік студент – 2019” жобасының Жас қыран Республикалық талантты жастардың жинағына 31 ТРК тобының студенті Оразқанов Ерасыл Ерланұлы ғылыми жетекшісі Иманғалиева Гаухар Сайлауқызы бастауымен жеткен жетістігінің арқасында енгізілді. Ерасылға алар асуларын көп болсын дейміз, ал әрептесіміз Гаухар Сайлауқызына тек еңбегінің жемісін көріп, отбасына бақыт, денсаулық тілейміз.


Жулдуз Абеумен колледж еріктілерінің кездесу кеші

Продюсер, актриса, сценарист Жулдуз Абеумен колледж еріктілерінің кездесу кеші

     17 қаңтар 2020 жылы Жулдуз Абеумен колледж еріктілерінің кездесу кеші өтті. 

Кездесудің мақсаты: бейресми, мотивациялық бағытта пікір алмасу, сұрақ-жауап, еріктілерге бағыт-бағдар беру.

    

    

Әскери полициямен кездесу

Әскери полициямен кездесу

    2020 жылдың 17 қаңтар күні колледж директоры Нугымаров Айбек Серикболұлы арнайы шақырумен әскери полиция қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының спорт шебері, әлем чемпионы Нусупова Гүлжан Төкенқызына, Самбо күресінен “Спорт саңлағы” медалін тақты.