Жұлдыздар 2018

           2-ші наурыз күні көлік колледжінде 41 ЭВП, 41 СВ және 43 ТР-Э топтарына арналған бітіру кеші өтті.

     Бітіру кешінде студенттерге диплом берілді. Спортта жеткен жетістіктері үшін және колледж өміріне белсенді атсалысқаны үшін кейбір студенттер мақтау қағазымен марапатталды.Колледж әкімшілігі мен мұғалімдері студенттерге арнап құттықтау сөзі мен тілектер айтты. Сонымен бірге бітіруші топтардың класс жетекшілері де құттықтады. 4 жыл аралығында осы күнді балаларынан кем күтпеген түлектердің ата-аналары да, барлық мұғалімдерге өздерінің ризашылығын білдіріп, рахметтерін айтты.

          Барлық тілектер мен құттықтау сөздерінің арасында, кіші топтар  бітіруші түлектерге арнап ән айттып және би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

                                                                                    Сіздерге ақ жол тілейміз құрметті түлектер!!!