Полицияға көмекші студенттер жасақтар облыстық сайысы

        2018 жылдың 24 – ші сәуір күні жыл сайынғы полицияға көмекші студенттер жасақтар облыстық сайысы бүгінгі күні 90 жылдық тарихы бар Семей қаласының «Көлік колледж» қабырғасында өткізілді.

    Балалар мен жастардың құқықытық санасын, қатігездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру, тұлғаның саяси, құқықтық білімін жетілдіру және қоғамадық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өткізілген бұл байқауға облысымыздағы колледждердің ең тәртіпті, ең таңдаулы, ең белсенді деген 19 құрамасы қатысты.

Байқау 3 кезеңнен тұрды:

1-ші кезең – Таныстыру. Бұл кезеңде әр құрама топтың атын, ұранын, сырт бейнесін, эмблемасын таныстырды.

2-ші кезең – Бұл кезеңде әр топтан 1 қатысушы сала бойынша бөлінді.

– құқықтық даярлық (тестілер, командадан бір қатысушы)

–дәрігерге дейінгі бірінші көмек (командадан бір қатысушы)

– пневматикалық винтовкадан ату (командадан бір қатысушы)

– кешенді күштік жаттығулар (командадан бір қатысушы)

– қайталамалы жүгіріс (командадан бір қатысушы)

3-ші кезең – Байқауды қорытындылау, марапаттау.

Байқау қорытындыс бойынша:

1 орын – «Электротехникалық колледж» Семей қаласы

2 орын – «Өскемен құрылыс колледжі»

3 орын – «Семей көпсалалы колледжі»

         Барлық сайысқа қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.