Халықаралық  ынтымақтастық

     Көлік колледжі кәсіптік білім  аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Көлік колледжі Ресеймен, Украина, Белорусь және Норвегиямен кәсіптік лицейлар, техникум және колледждермен 15 келісім-шарттар бекітті, оның ішінде:

– ГБОУ СПО «Екатеринбор автожол колледжі», Екатеринбор қаласы,    Свердлов облысы
– КГРОУ СПО «Алтай өнеркәсіп-экономикалық колледж», Барнаул қаласы,
– капитан В.И.Евдокимов атындағы Омбы  өзен командалық училищесы,
– ГБОУ СПО «Липецк машина-құрылыс колледжі» Липецк қаласы,
– ГБОУ СПО «А.А.Николаев атындағы Мәскеу автожол колледжі»,       Мәскеу қаласы,
– ГБОУ НПО «№12 Кәсіптік лицей», Липецк қаласы,
– ФГОУ СПО «Щебекин автокөлік техникумы» Белгород облысы,    Щебекино қаласы,
– ФГОУ СПО «Алтай мемлекеттік колледжі» , Барнаул қаласы,
– ГБОУ СПО «№9 автокөлік колледжі», Мәскеу қаласы,
– ФГОУ СПО «Омбы автокөлік колледжі», Омбы қаласы,
– ФГОУ СПО «Томск автожол техникумы, Томск қаласы,
– ФГОУ СПО «Красногор мемлекеттік колледж», Мәскеу облысы,    Красногор қаласы,
– С.Орджоникидзе атындағы Харьков автокөлік техникумы, Харьков    қаласы, Украина,
– Минск мемлекеттік автомеханикалық колледжі, Минск қаласы, Белорусь,
– Ставангер  теңіз нефтегазалық өндіріс колледжі, Ставангер қаласы, Норвегия,

ОӨЖ директорының орынбасары Велькер Н.В., оқытушы Молдажанов Т.Т. Халықаралық экономикалық Омбы қаласында болған форумға, автокөлік колледжіне барды, В.И.Евдокимов атындағы өзен командалық     училищесіне барды, қазақ диаспора студенттерімен кездесті. КГРОУ СПО Барнаул қаласының «Алтай өнеркәсіп-экономикалық колледж» оқытушыларымен және студенттерімен колледжде болды, жұмыстарымен танысты. «Сказ» хореографиялық ұжымы студенттер және оқытушылар алдына шықты.

   Арнайы пәндер оқытушысы Молдажанов Т.Т. Башқұртстан Республикасында, Уфа     қаласында кәсіптік кадрлар біліктілігін жоғарлату курсында «ДВС  отын жіберу электрондық жүйесінде  жөндеу және диагностикалау» тақырып бойнша оқып келді.

  Колледж Қазақстан-Норвегиялық  «ШҚО аймақтық білім дамыту моделі» жобаның  қатысушысы. Біздің колледж Трир қаласындағы  Ремесленная палата кәсіптік-техникалық оқыту жобасына қатысты, олармен ынтымақтастық туралы келісім    бекітілді, жоба ұйымдастырушылары колледжге келіп танысты. Осы жоба аясында кәсіптік білім беру шебері Костюченко А.А. 2013 жылы Германияға оқуға барып келді.

Колледж директоры Минск қаласындағы халықаралық конференцияға қатыстып, Минск мемлекеттік автомеханикалық колледжімен творчестволық ынтымақтастық туралы келісім-шартына екі жақ қол қойды.