«Шығыс жұлдыздары» атты шығармашылық байқау

         «Шығыс жұлдыздары» атты зияткерлік ойын колледжішілік шығармашылық байқауы Ғылым апталығының бастамасы болды.               

           Бәріміздің киелі Ата мекенімізде, қасиетті елімізде  қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы ақын-жазушыларымыз бар. Біз өзіміздің Шығыс Қазақстан жерінен шыққан мықты ақын-жазушыларымызбен мақтанамыз. Осы орайда біздің колледжде 16 сәуірде 1-2 курстар  арасында «Шығыс жұлдыздары» атты колледжішілік  байқау өтті.   

           Байқаудың мақсаты – колледж студенттерін патриоттық тәрбиеге ынталандыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, жоғары құндылықтарға бағдар беру. Байқау  3- кезеңнен тұрды. 1- кезең «Бәйге». Бұл кезеңде сайскерлеріміз  ХІХ-ХХ ғасырдағы Шығыс Қазақстан ақын-жазушыларының өмір жылдары мен шығармашылықтарын білу. ІІ кезең  «Ұлы халықтың-Ұлы Шәкәрімі» биыл ақын, жазушы ұлы тұлға – Шәкәрім Құдайбердіұлының туылғанына  160 жыл толуына байланысты ақынның еңбегін дәріптеу мақсатында  біздің студенттеріміз  ұлы ақынның шығармаларынан үзінді оқу. ІІІ кезең. Үй тапсырмасы ретінде берілген  шығармашылық жұмыс. Онда сайыскерлеріміз ХІХ-ХХ ғасырдағы Шығыс Қазақстан ақын-жазушыларының ішінен өзінің сүйікті ақын-жазушыларының өмірінен, поэзиялық және прозалық шығармаларынан бейнежазба  жасап, қорғау.

         Байқауға  мемлекеттік тілде білім алып жатқан 11 ТРк тобының студенттері-Оразханов Ерасыл, Құсаинов Қуаныш, 11 ЭА к тобының студенттері – Кәбіров Олжас, Мұқаметхан Ахметхан, 11 ДМк тобының студенті Мамутов Шәкәрім қатысты.

         Байқауға әділ-қазылық көрсеткен колледжімізбен тығыз байланыс жасап, тәжірибе алмасып отыратын Абайдың әдеби-мемориалдық  мұражайының қызметкері  Ибраева Үміт Ахметкалиевна, Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкері Камабекова Айнагуль Казезовна, және Ф.М.Достоевский атындағы мұражайдың қызметкері Нурмухамбетова Жулдыз Кусаиновна болды.

         Байқау өте тартысты әрі қызықты болды. Біз студенттеріміздің бойынан туған өлкелерінен шыққан ақын-жазушыларымыздың өмірі мен шығармаларын бағалайтынын, оларға деген үлкен сүйіспеншіліктерін байқадық. Әділ-қазылар алқасы студенттердің кәсіптік техникалық сала бойынша білім алып жатсада, олардың өнерге деген қызығушылықтары бар екенін атап өтті. Әділ-қазылар қорытынды шығарғанша көрермендер Шығыс Қазақстан жерінің көрнекті орындары мен танысты және Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы деректі фильм тамашалады.

         Байқау қорытындысы  бойынша  4 қатысушы төмендегідей номинация  иегерлері атанды. 11 ЭАк  студенттері Мұқаметхан Ахметхан-«Мәнерлеп оқу шебері», Кәбіров Олжас – «Ең шығармашыл», 11 ТРк студенттері Оразханов Ерасыл- «Ең жылдам», Құсаинов Қуаныш «Ең қызықты», ал «Шығыс жұлдыздары» байқауының жеңімпазы, І- орын иегері 11 ДМк тобының студенті Мамутов Шәкәрім. Ол колледж атағын қорғау үшін мамыр айында болатын облыстық «Шығыс жұлдыздары» байқауына қатысады.