Педагогикалық ұжымның проблемалық-әдістемелік тақырыбы:

«Білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттіліктері және кәсіптік құзыреттіліктерін дамыту» 

Педагогикалық ұжымның 2019-2020оқу жылындағы міндеттері:

  1. Білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттіліктері және кәсіптік құзыреттіліктерін дамыту тәсілдерін меңгеруді бастау.

  2. Колледждің педагогикалық ұжымының білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындаоқытуда қолданылатын құзыретті тәсілдемені жүзеге асыру барысына талдама жүргізу.

  3. Білім беру үрдісінде базалық және кәсіптік құзыреттерді дамыту.

  4. Оқу жұмысынТехникалық және кәсіптік білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және жаңа үлгілік оқу жоспарларына сәйкес ұйымдастыруға өтуді талдау, талдаманың нәтижелерін ескере отырып жаңа жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу.

  5. 1201000 “Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” (1201123 – техник-механик) мамандығы бойынша білім берудің дуальді жүйесін енгізу.

  6. Түлектерді жұмыспен қамту рейтингі бойынша ТКБ жүйесінің оқу мекемелерінің үздік ондығына кіру.

  7. Колледжді курстық дайындықты кеңейту арқылы ресурстық орталық ретінде дамыту.

  8. Психологиялық қызметті жетілдіру.

  9. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру бойынша жұмыс нысандарын жетілдіру.

  10. Қамқоршылық Кеңесінің жұмысын ережеге сәйкес қайта құру.

  11. Контингентті бітірту деңгейін 80% кем емес деңгейде ұстап тұру.

  12. Компьютерлік техниканы жаңарту.

  13. Барлық мамандықтардың нормативтік оқу әдебиетімен, жабдықтармен, әдебиеттермен қамтылуын талдау.

  14. Студенттердің спорттық секциялармен, пәндік үйірмелермен, көркемөнерпаздар үйірмелерімен, техникалық шығармашылық үйірмелерімен толықтай қамтылуына қол жеткізу.

  15. Техникалық кәсіптік бейіндегі оқу мекемелерімен іс-шаралар жоспарларына сәйкес халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру.