Қазақстан Респупликасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік іс-шара.

          2018 жылдың 15 желтоқсан күні колледж акт залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік концертті арнайы пәндер оқытушысы Далбин Т.С. және колледж студенттері ұйымдастырды. Іс-шараға колледж әкімілігі, оқытушылар және студенттер көрермен ретінде қатысты. Іс-шара барысында колледж директоры Жумаксанов Ш.М. құттықтау сөздерін айтып өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Латыпова С.С. Қазақстан Республикасының Астанасына 20 жыл мерекесіне байланысты білім саласына зор еңбегің қосқан үшін құрмет төс белгісімен марапатталды. Сонымен қатар директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Тулеуов К.М. және филологиялық пәндер бірлестігінің төрайымы Молдажанова Г.С. құттықтау сөздері айтылды. Филологиялық пәндер апталығы барысында жанадан қабылданған топтар арасында ең үздік қабырға газеті сайысының жүлдегерлері 23 ТРэк, 22 СМ және 11 ЭВП топтары марапатталды.