ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020

Семей қаласы Көлік колледжінің 1 курс студенті, “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020” атанды. Жетекшісі Жумадилова Жадыра Шарипханова. Фархадов Ихсан Фархадулы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Ұлттың жаңа болмасын қалыптастыру жэне еліміздің талантты жастарының жетістіктерін насихаттау мақсатында өткен “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020” жобасының “Жас қыран” талантты жастардың IV Республикалық жинағына енгені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталып, арнайы төсбелгі иегері атанып, “Жас қыран” кітабын да алды.
“Бөбек” Жалпыұлттық қозғалысы” заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған жоба. Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылды.
Байқаудың мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарында, шығармашылықта, студенттердің өзін-өзі басқаруында, спортта, студенттер командаларының қозғаласын дамытуда және сыныптан тыс жұмыстардың басқа бағыттарында өзін белсенді көрсеткен студенттерді анықтау және ынталандыру.