Ұлыстың ұлы күні құтты болсың!
Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі.
Биыл ұжымымыз жер бетіндегі тіршілік атаулы жаңаратын Наурызды ерекше атап өтуде. 1 сәуір күні жаңа үмітпен жаңа кезеңге аяқ басқан ұжымызбен Наурыз мерекесін этнотимбилдинг форматында өткіздік. Бұл форматтың ерекшелігі – ұлттық тағамның барлығын ұжымымыз өз қолымен дайындады. Осылайша топтық жұмыстың үздік үлгісі көрінді. Үлкен-кішіге бөлмей, бірігіп ұлттық ойындар ойнап, ән салып, би билеп, алтыбақан тептік. Әр топ бір ауыл болып ағаш үй тігіп, креатив жағынан таңдандырды.
Мерекемізге ардақты және құрметті  қонақтарымыз, колледж ардагерлері келіп бізбен бірге Наурыз мейрамын тамашалап өтті. Колледжімізді 25 жыл бойы басқарған, қазіргі кезде құрметті ардагері Люй Александр Владимирович және 32 жыл бойы директордың оқу-ісі орынбасары болып қызмет атқарған Шиллер Владимир Александрович колледж студенттеріне, ұжымына бейбітшілік пен жақсылық тілеп, кішігірім ауылдарды аралап6 наурыз көжеден дәм татып ақ баталарын берді.
Аталған іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында халықтың салт-дәстүрлеріне және әдет-ғұрыптарына құрмет пен патриотизм сезімін тәрбиелейді.
Колледж директоры Нугымаров Айбек Серикболович басшылығымен ұжымның көңіл-күйі мен ауызбіршілігін тағы да бір нығайтқан іс-шараларды аса үлкен жауапкершілікпен, ең бастысы, шын ниетпен өткізілгене күәгер болдық.